Ашық НҚА порталында орналастырылған ЦДИАӨМ НҚА жобасы
«Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы техникалық-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы техникалық-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасы (бұдан әрі - жоба) Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы екіжақты техникалық-экономикалық өзара ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мақсатында әзірленді.
Ұсынылып отырған Келісім жоғары технологиялар мен инновациялар саласындағы ынтымақтастықты дамытуды көздейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы техникалық-экономикалық ынтымақтастық туралы 2024 жылғы 3 шілдеде Астана қаласында қол қойылған Келісімнен кейінгі екінші осындай Келісім болып табылады.
Екінші Келісімге қол қою қосымша инвестициялар тартуға, бәсекеге қабілеттілік пен инновациялық әлеуетті арттыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық және өндірістік базасын нығайтуға бағытталған. Құжатты іске асыру Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал ететін болады.
Жобаны қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.
Талқылау мерзімі: 19 мамыр - 02 маусым 2025 жыл