Ашық НҚА порталында орналастырылған ЦДИАӨМ НҚА жобасы

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ «Ақпараттандыру, байланыс саласындағы, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 4 маусымдағы № 114/НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 52 бірлескен бұйрығының жобасына

Жобада Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 4 маусымдағы № 114/НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 52 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр. Бұл өзгерістер Қазақстан Республикасының «Пошта туралы» Заңының 1-бабының 29) және 52) тармақшаларына, сондай-ақ «Байланыс қызметтерін көрсету, мемлекеттік сатып алулар, көлік және пошта мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 10 ақпандағы № 164-VIII Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 8-тармағының 1) тармақшасының бесінші абзацымен сәйкестікке келтіру үшін енгізіледі. Сондай-ақ бұл жоба Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 10 қаңтардағы № 155-VIII Заңының 1-бабының 130) тармақшасына және «Пошта туралы» Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бөлігінде сәйкестікке келтіруді көздейді.

Жоба бойынша қаржылық шығындарды талап етпейді.

Бұйрық жобасы сараптамалық қорытынды алу мақсатында ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды.

талқылау мерзімі: 12.05.2025-26.05.2025

(https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15526511)