Ашық НҚА порталында орналастырылған ЦДИАӨМ НҚА жобасы
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы электрондық коммуникациялар, ақпараттық технологиялар, пошта және инновациялар саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы
Келісім Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын іске асыру шеңберінде цифрландыру, инновациялар, пошта және электрондық байланыс салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде әзірленді.
Келісімде Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы электрондық коммуникациялар, ақпараттық технологиялар, пошта және инновациялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту көзделген. Негізгі бағыттар ақпарат алмасу, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жобаларды (ҒЗТКЖ) қолдау, деректер орталықтарын дамыту, электрондық коммерция, киберқауіпсіздік, инновациялық экожүйе мен пошта секторының дамуы, сондай-ақ салалық халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық және өзара мүдделер негізінде қолдау көрсету болып табылады.
талқылау мерзімі: 12.05.2025 – 26.05.2025