Ашық НҚА порталында орналастырылған ЦДИАӨМ НҚА жобасы
Пресс-релиз «Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы бұйрық жобасы
Түзетулер Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының тапсырмаларын (2024 жылғы 29 қарашадағы 24-61-3.6 Хаттамасы, 6-тармақ.) және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі (2024 жылғы 5 желтоқсандағы № 12-04/05-4201 хаттамасының Жол картасының 28-тармағы) орындау мақсатында енгізіледі
Жобада «Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу көзделген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 8 мамырда № 10999 болып тіркелген.)
Енгізілетін түзетулер түпкілікті пайдаланушыны сәйкестендірусіз тіркелген қазақстандық операторлардың сим-карталарын пайдалана отырып жасалатын интернет-алаяқтықтармен күресуге бағытталған. Абоненттік нөмірлердің тіркелуін бақылауды күшейту және жеке басын сәйкестендірусіз сим-карталарды сатуға шектеулер енгізу ұсынылады. Осы түзетулер күшіне енгеннен кейін сим-карталарды тек байланыс операторларынан сатып алуға болады. Бұл алаяқтық әрекеттердің санын азайтуға, сондай-ақ абоненттердің қауіпсіздігін арттыру және алаяқтықпен күресу үшін байланыс операторлары пайдаланушылар алдау әрекеттері туралы жедел хабарлай алатын мамандандырылған байланыс орталығын құрады. Мұндай шара алаяқтық схемаларды тез анықтауға, күдікті нөмірлерді бұғаттауға, құқық қорғау органдары үшін деректерді жинауға, сондай-ақ халықтың цифрлық сауаттылығын және операторлардың қызметтеріне деген сенім деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі талап етілмейді.
Бұйрық жобасы сараптамалық қорытынды алу үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында қолжетімді (сілтеме : https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15524876 ).