Ашық НҚА порталында орналастырылған ЦДИАӨМ НҚА жобасы
Баспасөз хабарламасы
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ««Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын әзірледі.
Қауылы жобасы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 193-1 бабына сәйкес мемлекетке үлестес және үлестес емес заңды тұлғалардың меншігіндегі стратегиялық объектілердің шеңберін көрсету мақсатында әзірленді.
Жоба қабылданғаннан кейін жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі аталған стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу немесе оларды иеліктен шығару Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 193-1-бабына сәйкес рұқсат беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде ғана мүмкін болады.
(05.05.2025 - 22.05.2025 жж. аралығындағы қоғамдық талқылау)