Ашық НҚА порталында орналастырылған ЦДИАӨМ НҚА жобасы
Ашық НҚА порталында орналастырылған ЦДИАӨМ НҚА жобасы
НҚА жобасы
«Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 26 маусымдағы № 727 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығының жобасы.
Бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2024 жылғы 28 желтоқсандағы № 10293 ПАБ – 3 тапсырмасын, Қауіпсіздік Кеңесінің Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық коммисиясының 2024 жылғы 28 қарашада өткен отырысының бекітілген хаттамасын және Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан шығару жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығын орындау мақсатында әзірленді.
Бұйрық жобасында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 26 маусымдағы № 727 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларына өзгерісьер енгізу қарастырылған.
талқылау мерзімі: 02 мамыр 2025 - 21 мамыр 2025