Ашық НҚА порталында орналастыру жоспарланып отырған ЦДИАӨМ НҚА жобасы
«Платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және орналастыру арқылы мемлекеттік функцияларды автоматтандыруды іске асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 16 қазандағы № 653/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«Платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және орналастыру арқылы мемлекеттік функцияларды автоматтандыруды іске асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 16 қазандағы № 653/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Жоба) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және орналастыру арқылы мемлекеттік функцияларды автоматтандыру және нәтижесінде туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету мақсатында әзірленді.
Жобаны қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды қажет етпейді.