Ашық НҚА порталында орналастыру жоспарланып отырған ЦДИАӨМ НҚА жобасы
«Мемлекеттік органдарды жобалық басқарудың үлгілік регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрық жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ
«Мемлекеттік органдарды жобалық басқарудың үлгілік регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі-жоба), түзетулер Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолданыстағы ведомстволық актілеріне жүргізілген құқықтық мониторинг қорытындылары бойынша әзірленді.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 43-1-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығына сәйкес келтіру.
Жобаны қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.
(жария талқылау: 30.04.2025 - 20.05.2025)