Ашық НҚА порталында орналастыру жоспарланып отырған ЦДИАӨМ НҚА жобасы

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қызметтің басым түрлерінің тізбесін және өз өндірісінің өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 37/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрығының жобасына

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Түзетулер Мемлекет басшысының (2024 жылғы 11 желтоқсандағы хаттаманың 2.2-тармағы) және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің (2025 жылғы 21 қаңтардағы № 3 хаттаманың 2-тармағының 3 тармақшасы) тапсырмаларын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің келісімі бойынша енгізілді.

Жобада «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қызметтің басым түрлерінің тізбесін және өз өндірісінің өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 37/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2019 жылғы 16 сәуірде № 18523 болып тіркелген).

Енгізіліп жатқан түзетулер IT-саласының жан-жақты дамуы мен өсуін жеделдету, сондай-ақ «Astana Hub»-тың өңірлік деңгейде бәсекеге қабілеттілігін күшейту үшін қажет.

Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі талап етілмейді.

Бұйрықтың жобасы сараптамалық қорытынды алу үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15517487).