Ашық НҚА порталында орналастыру жоспарланып отырған ЦДИАӨМ НҚА жобасы

Пресс-релиз

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Байланыс операторларының мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына кірмейтін және радиоэлектрондық құралдарды пайдаланып ақпарат беруді жүзеге асыратын байланыс желілері мен арналарында мемлекеттік органдарға байланыс қызметтерін көрсету кезінде ақпаратты қорғау құралдарын қолдануды өтеусіз негізде қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі бұйрығының жобасын әзірледі.

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 10 ақпандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс қызметтерін көрсету, мемлекеттік сатып алу, көлік және пошта мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңын іске асыру мақсатында әзірленді.

Жобамен радиоэлектрондық құралдарды пайдалана отырып байланыс желілері мен арналары арқылы беру кезінде оның құпиялылығын, тұтастығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ақпаратты қорғау құралдарын қолдану тәртібін анықтау көзделген.

(16.04.2025 – 02.05.2025 аралығында қоғамдық талқылау)

Сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15514199