Ашық НҚА порталында орналастыру жоспарланып отырған ЦДИАӨМ НҚА жобасы
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай қаласындағы фронт-офистері арқылы «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсетуді жою туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірлескен бұйрығы жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі мен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірлескен бұйрық жобасы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай қаласындағы фронт-офистері арқылы «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру жіне ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсетуді жою туралы (бұдан әрі - жоба) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірлескен бұйрық жобасы процесті үнемі жетілдіру, мемлекеттік қызметтер көрсету тиімділігін арттыру, сондай-ақ еңбек еңбекші көшіп келушіге рұқсатнама беру және ұзарту мәселелері бойынша халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында әзірленді.
Пилоттық жобамен Костанай қаласында «Электрондық үкімет» порталында мемлекеттік қызметті алу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету секторын пайдалану арқылы «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік қызметі көрсету 2025 жылғы 15 мамырдан бастап 2025 жылғы
31 желтоқсанға дейін іске асырылады.
Жобаны қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.