ПроАшық НҚА порталында орналастырылған ЦДИАӨМ НҚА жобасы
Баспасөз хабарламасы
Әзірлеуші: Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.
Заң жобасы Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Ұлттық іс-шаралар жоспарының 39-тармағын іске асыру шеңберінде әзірленуде.
Заң жобасы телекоммуникация нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамытуды көздейді (бұдан әрі - ДӨО).
Телекоммуникация заңнамасына Қазақстанда ДӨО дамытуды ынталандыратын, оның ішінде «жасыл технологияларды» тұрақты дамытудың жаһандық трендтеріне сәйкес және энергияны үнемдейтін тәжірибені енгізуді ынталандыратын нормаларды енгізу экономиканың өсуіне және халықаралық ойыншыларды тартуға айтарлықтай ықпал етуі мүмкін.
Заң жобасын қабылдау мемлекеттің, нарықтың және байланыс қызметтерін тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған телекоммуникация саласындағы жаңа технологиялар мен процестерді дамытуды қамтамасыз етеді.
(24.04.2025 - 21.05.2025 аралығындағы қоғамдық талқылау)