Ашық НҚА порталында орналастырылған ЦДИАӨМ НҚА жобасы
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығының жобасын әзірледі.
Бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы жаңа Бюджет кодексінің 14-бабының 2-тармағын және 16-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.
Бұйрықтың жобасы құнды қалыптастыру критерийлері мен тәртібін нақтылауды көздейді және зерттеулер жүргізу, консалтингтік қызметтер көрсету және мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде әлеуетті орындаушылар үшін шығындар баптарының егжей-тегжейлі сипаттамасын өзектендірілген нарықтық бағаларға, сондай-ақ бюджет қаражаты шығыстарының ашықтығы мен негізділігін қамтамасыз ететін есептеулерге негіздейді.
Бұйрықты қабылдау негізделген және ашық баға белгілеу үшін құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайларды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
(08.04.2025 - 23.04.2025 аралығындағы қоғамдық талқылау)
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15510058