Ашық НҚА порталында орналастырылған ЦДИАӨМ НҚА жобасы

«Деректерді басқару жөніндегі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 925 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулысының жобасына

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Қаулы жобасы ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде ұйымдардың қызметін автоматтандыруды тиімді жоспарлау үшін, деректер паспорттарын қоса алғанда, каталог негізінде деректердің сенімді архитектурасын қалыптастыру үшін, сондай-ақ Домен деректерінің тұжырымдамалық моделін құру үшін субъектілер арасындағы негізгі атрибуттармен және олардың арасындағы байланыстармен өзара байланысты қалыптастыру кезінде ақпараттандыру объектілеріндегі деректердің бірегей және өзекті болуы қажет.

Деректерді басқару жөніндегі талаптарда деректердің мәні мен атрибуттары сипатталатын дерекқор құрылымының сипаттамасын бекіту жөніндегі іс-шараның өткізілуіне байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі талап етілмейді.

Сараптамалық қорытынды алу үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталындағы бұйрықтың жобасы

(https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15510692 ).