Ашық НҚА порталында орналастырылған ЦДИАӨМ НҚА жобасы

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, пошта операторының пошта төлемі белгілеріне пайдалану қағидаларын және пошта операторының пошта төлемі белгілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығының жобасын әзірледі.

«Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократияландыру жөніндегі шаралар туралы» Президенттің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығын іске асыру мақсатында «Почта туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан почта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, почта операторының почта төлемі белгілеріне қойылатын талаптарды және пайдалану қағидаларын бекіту жөніндегі құзырет алынып тасталды. Бұл ретте, бұл құзырет Министрлік туралы Ережеде көзделген.

Осыған байланысты жобада:

  • Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, почта операторының почта төлемінің белгілеріне қойылатын талаптар мен пайдалану Қағидалары бекіту.
  • қолданыстағы Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, пошта операторының пошта төлемі белгілеріне пайдалану қағидаларын және пошта операторының пошта төлемі белгілеріне қойылатын талаптардың (Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 61 бұйрығы) күші жойылды деп тану қарастырылған.

( 04.04.2025 – 21.04.2025 аралығында қоғамдық талқылау)

Сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15508428