Ашық НҚА порталында орналастырылған ЦДИАӨМ НҚА жобасы НҚА жобасы (9 сәуір 2025 ж. жағдай бойынша)
Ашық НҚА порталында орналастырылған ЦДИАӨМ НҚА жобасы
НҚА жобасы (9 сәуір 2025 ж. жағдай бойынша)
«Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 18 мамырдағы № 177/НҚ «Бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығының жобасы.
Бұйрық жобасы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес дайындалған.
Бұйрық жобасында Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 18 мамырдағы № 177/НҚ«Бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының күші жойылды деп танылу қарастырылған.
(9 сәуір 2025 ж – 24 сәуір 2025 ж. аралығындағы қоғамдық талқылау)
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15510519