Ашық НҚА порталында орналастырылған ЦДИАӨМ НҚА жобасы

Ашық НҚА порталында орналастырылған ЦДИАӨМ НҚА жобасы

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығының жобасын әзірледі.

Бұйрықтың жобасы тұжырымдамалық аппаратты (пошта операторы) Қазақстан Республикасының «Пошта туралы» Заңына сәйкес келтіру бойынша өзгерістер енгізуді көздейді.

Сондай-ақ, бұйрықтың жобасы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-тармағының, 25-бабының үшінші бөлігіне және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығына сәйкес келтіруді көздейді.

Бұл өзгерістер пошта байланысы нарығының дамуын жақсартуға мүмкіндік береді.

(14.03.2025 - 03.04.2025 аралығында қоғамдық талқылау)

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15490141