Ашық НҚА порталында орналастырылған ЦДИАӨМ НҚА жобасы
«Арнайы құқық субъектісі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 14 мамырдағы № 273/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрық жобасына пресс-релиз
«Арнайы құқық субъектісі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 14 мамырдағы № 273/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – жоба) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленген.
Жоба «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы жүзеге асыратын қызметтерді ұсынуға жағдайлар жасау үшін қарастырылған.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды:
Талқылану уақыты: 28.02.2025 ж. дейін.