Ашық НҚА порталында орналастырылған ЦДИАӨМ НҚА жобасы НҚА жобасы (2025 жылғы 12 наурыз жағдай бойынша)
Ашық НҚА порталында орналастырылған ЦДИАӨМ НҚА жобасы
НҚА жобасы (2025 жылғы 12 наурыз жағдай бойынша)
«Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс жолдары мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналарды және алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) реттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 514 қаулысына толықтырулар мен өзгертулерді енгізу туралы».
Жоба Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 10 ақпандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс қызметтерін көрсету, мемлекеттік сатып алу, көлік және пошта мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының орындау мақсатында, сондай-ақ президенттік байланыс қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кәбілдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыруға қажетті алаңдарды байланыс операторлары техникалық мүмкіндік болған кезде өтеусіз негізде ұсыну мақсатында жасалынды.
(12.03.2025- 01.04.2025 ж. аралығындағы қоғамдық талқылау)