Жиі қойылатын сұрақтар

Организм функцияларының бұзылу дәрежесіне, тіршілік-тынысының шектелуіне және оңалту әлеуетіне қарай мүгедектік мынадай мерзімдерге белгіленеді:

– жеті жасқа дейінгі адамдарға – 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға және жеті жасқа толғанға дейін;

– жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі адамдарға – 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға немесе он сегіз жасқа толғанға дейін;

– он сегіз жастан асқан адамдарға – 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға немесе қайта куәландыру мерзімінсіз.