Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Медициналық-әлеуметтік сараптама

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Медициналық-әлеуметтік сараптама басқармасы құрылымдық бөлімшесі ретінде (бұдан әрі – Басқарма)  өз қызметінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Құқықтық актілер туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

Басқарма өз құзыреті шегінде:

1) «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсетуді ұйымдастырады және үйлестіреді;

2) медициналық-әлеуметтік сараптаманы куәландырылатын адамның қатысуымен немесе сырттай жүргізу арқылы шығарылған сараптамалық қорытындының негізділігі мен дұрыстығына, мүгедектіктің және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесінің белгіленуіне, олардың себептерінің, мерзімдерінің, басталу уақытының, қосымша көмек түрлері мен күтімге қажеттіліктің айқындалуына, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларының әлеуметтік бөлігінің әзірленуіне мониторинг және бақылау жүргізеді;

3) Қазақстан Республикасында медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңнаманың сақталу жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштерді жүйелейді және талдайды, халық арасында түсіндіру және консультациялық жұмыстар жүргізеді, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.

Жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) медициналық-әлеуметтік сараптаманы куәландырылатын адамның қатысуымен немесе сырттай жүргізу арқылы мүгедектігі бар адамдарға «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету бөлігінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру және ұйымдастыру;

2) медициналық-әлеуметтік сараптаманы сырттай жүргізу арқылы мүгедектігі бар адамдарға «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету бөлігінде сарапшы дәрігерлердің (тәуелсіз сарапшылардың) жұмысын үйлестіру, мониторингтеу және ұйымдастыру;

3) медициналық-әлеуметтік сараптаманы куәландырылатын адамның қатысуымен немесе сырттай жүргізу арқылы шығарылған сараптамалық қорытындының негізділігі мен дұрыстығына, мүгедектіктің және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесінің белгіленуіне, олардың себептерінің, мерзімдерінің, басталу уақытының, қосымша көмек түрлері мен күтімге қажеттіліктің айқындалуына, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларының әлеуметтік бөлігінің әзірленуіне бақылау жүргізу;

4) мүгедектікті, еңбек ету қабілетінен айырылуды белгілеудің және мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қорғау шараларын көрсетудің негізгі көрсеткіштеріне мониторинг жүргізу (тоқсандық және жылдық есептер, талдау);

5) медициналық-әлеуметтік сараптама және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу жөніндегі аумақтық департаменттердің ұсыныстарына талдау жүргізу және оларды Министрлікке енгізу;

6) мүгедектікті белгілеудің дұрыстығына талдау жүргізу;

7) жеке және заңды тұлғалардың медициналық-әлеуметтік сараптама және мүгедектігі бар адамдарды оңалту мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;

8) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес тыңдауға қатысу;

9) сот процестеріне қатысу (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі / аумақтық департаменттер). Аумақтық департаменттердің сот процестеріне қатысуы үшін жоғары тұрған орган атынан уәжді ұстанымдар мен пікірлер дайындау;

10) сарапшы дәрігерлерді (тәуелсіз сарапшыларды) «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін проактивті түрде сырттай көрсетуге тарту жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру, оның ішінде тәуелсіз сарапшылардың тізілімін қалыптастыру және олардың қызметін бағалау жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

11) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес өңірлерге шығу;

12) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Азаматтарды қабылдау орталығында / Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдауға қатысу;

13) медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу, сұхбат беру, баспасөз релиздерін орналастыру. Комитеттің сайтын жиі қойылатын сұрақтар және медициналық-әлеуметтік сараптама бойынша жаңа нормативтік құқықтық актілер туралы өзекті ақпаратпен толықтыру;

14) денсаулық сақтау саласының сарапшыларын тарта отырып, медициналық-әлеуметтік сараптама қызметінің мамандары үшін оқыту семинарларын өткізу (сырттай-проактивті куәландыруға жататын нозологиялық нысандар бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама мамандарына арналған онлайн оқыту семинарлары);

15) аумақтық департаменттердің медициналық-әлеуметтік сараптама мамандарының медициналық университеттер базасында біліктілігін арттыруын ұйымдастыру;

16) халық арасында түсіндіру және консультациялық жұмыстар жүргізу;

17) медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша кеңестер мен алқа отырыстарын өткізу;

18) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Документы
Статистика
18 сентября 2026
2026 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша медициналық - әлеуметтік сараптаманың негізгі бағыттары туралы ақпарат С
Бұйрық
27 августа 2026
Медициналық әлеуметтік сараптама басқармасы
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Ақпарат
25 августа 2026
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті
Медициналық әлеуметтік сараптама басқармасы
2026 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша медициналық-әлеуметтік сараптаманың негізгі бағыттары туралы ақпарат
Новости
Полезные материалы
Медициналық-әлеуметтік сараптама
Медиагалерея
1
Мүгедектік қалай белгіленеді?
События
21 июля
«Мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеу және/немесе әлеуметтік қорғаудың қажетті шараларын айқындау"мемлекеттік қызметтерін проактивті сырттай көрсету рәсіміне тартылатын сарапшы-дәрігер лауазымына орналасуға құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру»
17 июня
«Мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеу және/немесе әлеуметтік қорғаудың қажетті шараларын айқындау» мемлекеттік қызметтерін проактивті сырттай көрсету рәсіміне тартылатын медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшысы лауазымына орналасуға құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру»
14 октября
«Мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеу және/немесе әлеуметтік қорғаудың қажетті шараларын айқындау» мемлекеттік қызметтерін проактивті сырттай көрсету рәсіміне тартылатын медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшысы лауазымына орналасуға құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру»
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдаманы қандай жағдайда және кім береді?

Анатомиялық кемістіктері қоспағанда  медициналық ұйымдар  кемінде төрт айдан кейін жібереді.

Медициналық ұйымдар тіршілік-тынысының шектелуіне алып келетін ауруға, жарақат зардаптарына немесе кемістікке байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін кемінде төрт айдан кейін уақытша еңбекке жарамсыз болған адамдарды, диагнозы белгіленген сәттен бастап №031/е нысанмен МӘС-ке жібереді.

Анатомиялық кемістіктері, 21-хромосома бойынша трисомиямен (Даун синдромы), сондай-ақ организм функцияларының едәуір немесе өте айқын білінетін бұзылушылықтары бар және оңалту әлеуеті жоқ жазылмайтын паллиативті көмек алатын адамдар жоғарыда көрсетілген мерзімнен бұрын жіберілуі мүмкін.

Пациентті немесе мүгедектігі бар адамды қарап-тексеру кезінде оның туыстары қатыса ала ма?

«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес, егер бұл ретте өзге жеке және (немесе) заңды тұлғалардың заңды мүдделері қозғалмаса, дербес деректерді таратуға субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімі болған жағдайда жол беріледі.

Балаларды және әрекетке қабілетсіз науқастарды қарап-тексеру кезінде заңды өкілдерінің қатысуына жол беріледі.

Бір бүйрегім болғандықтан жыл сайын куәландырудан өтемін. Егер жалғыз бүйрегімнің қызметі жақсарса, мүгедектік алынып тастала ма?

Бір бүйректің болмауы мүгедектікті белгілеуге негіз болып табылмайды. Барлығы жалғыз бүйректің функционалдық жағдайына байланысты.

МӘС бөлімі куәландыру кезінде объективті қарап-тексеру және медициналық құжаттарды зерделеу барысында жалғыз бүйректің функционалдық жағдайын бағалайды. Оның функциясының жеткіліксіздігі болған кезде организм жай-күйі мен тіршілік-тынысының шектелу дәрежесін кешенді бағалау негізінде мүгедектік белгілейді.

 

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы