Әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау басқармасы
Басқарманың негізгі міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, оның ішінде әлеуметтік қамсыздандыру, балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында тексерулер мен профилактикалық бақылауды жүзеге асыру.;
3) өз құзыреті шегінде нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу;
4) Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша семинар-кеңестер, өзге де іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
5) өз құзыреті шегінде Министрліктің және басқа да мемлекеттік органдардың жұмыс топтарының жұмысына қатысу;
6) Министрліктің негізгі бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру болып табылады;
Жүктелген міндеттерге сәйкес басқарма заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы тексерулерді және профилактикалық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру;
2) халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы адамдардың саны туралы деректер жинауды ұйымдастыру;
3) Халықты әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қолдаудың қосымша нысандары мәселелері бойынша түсіндіру;
4) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
5) Өз құзыреті шегінде кіретін мәселелер бойынша Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдарға практикалық және әдіснамалық көмек көрсету;
6) мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында мемлекеттік саясатты іске асыруда бұқаралық ақпарат құралдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
7) Е-Собес ААЖ деректер базасын жүргізу және толықтыру бойынша мониторингті жүзеге асыру;
8) әлеуметтік-көлік инфрақұрылымы объектілерін бейімдеу және паспорттау мониторингін жүзеге асыру;
9) тексерулер мен профилактикалық бақылау жоспарын орындау бойынша мониторингті жүзеге асыру;
10) СДТБТ базасын толтыру бойынша аумақтық бөлімшелердің жұмысын үйлестіру;
11) ҚР ЕХӘҚМ біліктілігін арттыру курстарында оқу іс-шараларына, лекцияларға қатысу;
12) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.