Жиі қойылатын сұрақтар

ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде стационарлық жағдайларда жоспарлы түрде медициналық көмек көрсету тіркелген емхана және денсаулық сақтау ұйымының жолдамасы бойынша жүзеге асырылады. Жоспарлы емдеуге жатқызуға көрсетілімдер болған кезде жіберген медицина ұйымы қажетті зерттеулер жүргізеді. Жолдама емдеуге жатқызу бюросы порталына салынып, емдеуге жатқызу күні автоматты түрде белгіленеді. Жоспарлы емдеуге жатқызудың күні белгіленгеннен кейін пациентке ауызша немесе электрондық хабарлау арқылы хабардар етеді; пациентке жоспарлы емдеуге жатқызу талонын береді; жоспарлы емдеуге жатқызудың белгіленген күнінде міндетті түрде келу қажеттігі туралы ескертеді.