Жиі қойылатын сұрақтар
Қызылорда облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарына қабылдау мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылады. Қатысушыларды қабылдау жыл сайын жаз мезгілі қарсаңында жүргізіледі. Іріктеу туралы ақпарат басқарманың және жастар ресурстық орталықтарының ресми парақшаларында жарияланады. 2026 жылы:
• шамамен 1200 жас қамтылады;
• жасы 16–35 аралығында;
• санаттары: оқушылар, студенттер, жұмыссыздар;
• жұмыс кезеңі: маусым–тамыз;
• жалақы: шамамен 100 000 теңге.
Қатысушылар абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына тартылады.
Қадамдық әрекеттер:
1. Жарияланымдарды қадағалау;
2. Жастар ресурстық орталығына жүгіну;
3. Өтініш беру;
4. Іріктеуден өту;
5. Жұмысқа кірісу.
Құжаттар:
• жеке куәлік;
• өтініш.
Мерзімдер:
• қабылдау — жаз алдында;
• жұмыс: маусым – тамыз.
Қайда жүгіну керек:
• жастар ресурстық орталықтары;
• қоғамдық даму басқармасы.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, әлеуетті өнім берушінің өтінімді қамтамасыз етуі (электрондық әмияндағы ақша) белгілі бір жағдайларда қайтарылады.
«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының» 111-тармағына сәйкес, ұйымдастырушы өтінімді қамтамасыз етуді 3 жұмыс күні ішінде келесі жағдайларда қайтарады:
1. әлеуетті өнім беруші өтінімді беру мерзімі аяқталғанға дейін өз өтінімін қайтарып алса;
2. мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылғаннан кейін (шағымдану мерзімдерін ескере отырып), бірақ бұл жеңімпазға қолданылмайды;
3. әлеуетті өнім беруші шартқа қол қойып, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізсе.
Осылайша, өтінімді қамтамасыз ету сомасы рәсімнің белгілі бір кезеңдерінде автоматты түрде қайтарылады.
Тұрғын үйді газбен жабдықтау келесі кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:
• Техникалық шарт (ТШ) алу Газдандыру үшін алдымен газ тарату ұйымынан техникалық шарт алынады. Ол үшін өтініш және қажетті құжаттар (жеке куәлік, мүлік құжаттары, техникалық паспорт және т.б.) тапсырылады.
• Газдандыру жобасын әзірлеу Алынған техникалық шарт негізінде тұрғын үйді газдандыру жобасы әзірленіп, уәкілетті ұйыммен келісіледі.
• Құрылыс-монтаж жұмыстары Жобада көрсетілген талаптарға сәйкес газ құбырларын жүргізу және жабдықтарды орнату жұмыстары орындалады.
• Объектіні қабылдау Жұмыстар аяқталғаннан кейін арнайы комиссия объектінің талаптарға сәйкестігін тексереді.
• Газды қосу және іске қосу Объект дайын болған жағдайда газ тарату ұйымы газды қосып, жүйені іске қосады.
Маңызды: Жұмыстарды тек лицензиясы бар ұйымдар жүргізуі тиіс және барлық талаптар мен қауіпсіздік нормалары сақталуы қажет.
Тұрғын үйлер мен кәсіптік нысандарды электр энергиясына қосу үшін техникалық шарттарды (ТШ) онлайн түрде алу мүмкіндігі қарастырылған. Жеке және заңды тұлғалар ТШ алу үшін:
• iOrda.kz электрондық сервисіне жүгінеді;
• өтінішті онлайн түрде береді;
• құжаттар электрондық форматта қаралады және шешім беріледі.
Өтініштерді қабылдау және техникалық шарттарды беру тәртібі Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 24-бабы 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Ерекшелік: 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын қосуға өтініштер кейбір өңірлерде тек электрондық түрде қабылданады.
Аутизм (аутизм спектрінің бұзылуы) – бұл жүйке жүйесінің даму ерекшелігі, ол адамның басқа адамдармен қарым-қатынас жасауына, мінез-құлқына және ақпаратты қабылдауына әсер етеді.
Негізгі белгілері:
• қарым-қатынаста қиындықтар (мимика, дауыс ырғағын түсінбеу);
• әлеуметтік оқшаулану (қарым-қатынастан қашу, достар табудың қиындығы);
• қайталанатын мінез-құлық (бір әрекеттерді жиі қайталау, күн тәртібін қатаң сақтау);
• сезімталдықтың жоғары болуы (дыбысқа, жарыққа, жанасуға). Себептері: Аутизмнің нақты себебі толық анықталмаған.
Ғылыми зерттеулер келесі факторларды көрсетеді:
• генетикалық ерекшеліктер;
• жүктілік кезіндегі кейбір сыртқы факторлардың әсері (инфекциялар, токсиндер және т.б.).
2016 жылы Қызылорда қаласы әкімдігімен «Байтерек» тұрғын ауданынан (инфрақұрылыммен толық қамтылған) жеке тұрғын үй құрылысы үшін барлығы 5112 адамға жер учаскелері табысталды. Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап, Қызылорда қаласы әкімдігімен 2006 жылы кезекте тұрған тұлғалардың өтініштері бойынша кезектілікке сәйкес жер учаскесін табыстауды бастау жоспарлануда. Сонымен қатар, 2021 жылдан бастап жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін сұраған азаматтардың өтініштері (өтінішхаттары) «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының» ақпараттық жүйесіне интеграциялау жолымен арнайы есепке қойылуына қарай қалыптастырылып келеді. Жүйе іске қосылғанға дейін жер кезектілігіне адами фактордың әсер еткені рас, дегенмен, бүгінде қандай да бір өзгеріс енгізуге жол берілмейді. Жалпы, Қызылорда қаласы бойынша бөліп беруге арналған алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтарға кезектілікке сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері табысталуда. Бүгінгі күні, бұл мәселе бойынша жағдай тұрақты.
Облыста негізгі азық-түлік тауарларының бағасына тұрақты түрде бақылау жүргізіліп, бағаны реттеуде облыста тұрақтандыру қоры жұмыс жасауда. Тұрақтандыру қорына өнімдер сатып алынып, әлеуметтік дүкендер мен ірі сауда үйлеріндегі әлеуметтік бұрыштарда төмен бағада өткізілуде. Сонымен қатар, Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына 15% сауда үстемесін сақталуына бақылау жұмыстары жүргізіліп, қажетті шаралар қабылданып келеді.Сауда үстемесі деп отырғанымыз сатушы тауарды өткізу бағасын белгілеу барысында өнімді алған бағасынан 15%-дан асырмай қоюы тиіс.
Қазақстанда профилактикалық егулер Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі. Медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміндегі міндетті вакциналар тегін беріледі.
Вакцинация уақыты инфекцияның уақытына және түріне байланысты:
Жаңа туылған нәрестелер: өмірінің алғашқы 1-4 күнінде - туберкулезге (БЦЖ) және В гепатитіне қарсы.
Нәрестелер (2, 3, 4 ай): көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, полиомиелитке, гемофильді инфекцияға және пневмококкқа қарсы коомплексті вакцинациялар (АКДС).
Балалар (12–15 ай): қызылша, қызамық және эпидемиялық паротит (ККП), полиомиелитке және пневмококкқа қарсы күшейткіш вакциналар немесе ревакцинациялар.
Балалар (1,5 жас): АКДС, полиомиелит және Hib-пен ревакцинация.
Мектеп оқушылары (6 жас/1 сынып): БЦЖ, ККП және АбКДС пен ревакцинация.
Жасөспірімдер мен ересектер: 16 жаста дифтерия мен сіреспеге қарсы (АДС-М) екпе егіледі, ол өмір бойы әр 10 жыл сайын қайталануы тиіс.
Он сегіз және одан жоғары жастағы, іс-әрекетке қабілетті, реципиентпен генетикалық байланыста болатын және онымен тіндік үйлесімдігі бар, кейінгі транспланттау үшін ағзаларды немесе тіндерді алуға нотариат куәландырған жазбаша келісімін білдірген адам тірі кезіндегі донор бола алады. Тірі кезіндегі донор бекітілген тәртіппен медициналық тексеруден өтеді. Тірі кезіндегі донор және ықтимал реципиент ағзалар мен тіндердің тіндік үйлесімділігін анықтау үшін HLA - зертханаға жіберіледі. Ықтимал реципиент пен тірі кезіндегі донор арасында генетикалық байланысты орнату үшін Этикалық комиссия құрылып, генетикалық байланыс анықталады.
Мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға республикалық бюджет қаражатынан жарна балалар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі), жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар, жұмыс істемейтін, мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны алушылар, жұмыс істемейтін, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны алушылар, зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар, тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар, жұмыс істемейтін қандастар, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, мүгедектігі бар адамдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар; мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер үшін төленеді.