Жиі қойылатын сұрақтар

Егер мердігер жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде орындамаса немесе жұмыстардың сапасы шарт пен белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, бұзушылықтың сипатына және мемлекеттік сатып алу туралы шарттың талаптарына сәйкес мынадай шаралар қолданылуы мүмкін:
• мерзімін өткізіп алғаны немесе шарт міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін айыппұл және (немесе) өсімпұл есептеу;
• сапасыз орындалған жұмыстардың кемшіліктерін жоюды талап ету;
• шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қатысты заңнамада және шартта көзделген шараларды қолдану;
• заңнамада және шартта көзделген негіздер болған жағдайда шартты бұзу;
• заңнамада белгіленген тәртіппен мердігерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу туралы талап қою.