Құрылым

Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімі

ҚР Заңдарының, ҚР Президенті Жарлықтарының, ҚР Үкіметі қаулыларының және басқа да актілерінің, облыс әкімдігінің қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын ұйымдастыру;
Облыс әкімінің жұмысын ұйымдастыру және аудан, қала әкімдерінің, облыстық басқармалар арасындағы жұмысты үйлестіру;
Облыс әкімінің аудандардағы іс-сапары мен Қызылорда қаласындағы баратын нысандар мен іс-шаралардың дайындығын тексеру, ұйымдастыру;
Облыс әкімі қатысатын мәжілістердің, шаралардың материалдарын дайындауды, мәжілістер мен шараларға қатысушыларды қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

Толығырақ

Электрондық пошта:

b.mambetov@korda.gov.kz

Қызылорда облысы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімі

Қызылорда облысы әкімінің өкімдерін, Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының бұйрықтарын, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен нұсқауларын орындайды;
Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөліміне жүктелген міндеттердің уақтылы орындалуына қамтамасыз етуге және бөлім қызметкерлерінің арасында бөлу, қызметкерлердің міндеттерін және жұмыстарын үйлестіреді;
Қызылорда облысы әкімі аппаратының әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірленуіне қатысады.

Толығырақ

Электрондық пошта:

b.zhanaly@korda.gov.kz

Қызылорда облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі

Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) «Қызылорда облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қызылорда облысы әкімінің аппаратының басшысы бекітеді.
Мақсаты:
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін жетілдіру;
Аппараттағы ақпараттарды өңдеудің жылдамдығын арттыру, құжаттармен жұмыстың нысандары мен тәсілдерін жетілдіру, есептеу техникасының құралдарын қолданып жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану;
Мемлекеттік органның қызметін жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер бойынша жұмыс жасауды және халықпен интернет байланыс арқылы жүргізілетін түрлі өтініштермен жұмысты ұйымдастыру.
Қызылорда облысы әкімі аппаратының жанындағы Азаматтарды қабылдау орталығының (бұдан әрі – Орталық) алаңында жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар басшыларының жеке қабылдауының тәртібін үйлестіру.

Толығырақ

Электрондық пошта:

a.zhusupova@korda.gov.kz

Қызылорда облысы әкімі аппаратының ішкі аудит бөлімі

Ішкі аудит қызметінің негізгі мақсаты мемлекеттік органның басшысына мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне, аумақтық даму бағдарламаларына қол жеткізуге көмектесу, мемлекеттік органның басшысына мемлекеттік органның тиімді басқарылуын қамтамасыз етуге, бюджет қаражатын басқаруды және пайдалануды жақсартуға бағытталған тәуелсіз және объективті ақпаратпен қамтамасыз ету; құрылған мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтері тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша электрондық.

Толығырақ

Электрондық пошта:

d.daubaev@korda.gov.kz

Қызылорда облысы әкімі аппаратының бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі

Бухгалтерлік есепті сапалы және уақтылы жүргізуді, бақылауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін операциялар мен деректер туралы ақпараттың тіркелуі мен жинақталуын, ретке келтірілген жинау жүйесін ұйымдастыру, бюджеттік бағдарламаларды білікті және дер мерзімінде жүзеге асыру, мекеменің шығыстарын жоспарлау, мекеменің және ведомстволық бағынысты мекемелердің қажеттілігіне сәйкес бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және өзгерістер енгізу, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу жоспарын әзірлеу, тиісінше өзгерістер мен толықтыруларды ұйымдастыру.

Толығырақ

Электрондық пошта:

n.abdulla@korda.gov.kz

Қызылорда облысы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі

Кадрларға, оның ішінде мамандықтар және біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;
Облыс әкімі тағайындайтын және облыс әкімі аппараты қызметкерлерінің еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын қамтамасыз ету;
Персоналды басқару қызметінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының және басқа да актілердің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің орындалуын бақылау.

Толығырақ

Қызылорда облысы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі

Құжаттаудың бірыңғай тәртібін, құжаттармен жұмысты ұйымдастыруды және iс жүргiзудi қамтамасыз етеді, түскен құжаттардың және хат-хабарлардың жолдануын және құжаттардың орындалуын бақылауды, басшылыққа қол қоюға ұсынылатын әкiмдік және әкiмнiң актілерінің жобаларының дұрыс рәсiмделуiн бақылауды, сонымен қатар, құжаттарды облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына тапсыруға дайындаудың орындалуын қамтамасыз етеді.

Толығырақ

Бөлім басшысы:

Ниятұллақызы Нәзікай

Электрондық пошта:

n.niyatullakyzy@korda.gov.kz

Қызылорда облысы әкімі аппаратының мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі тобы

Кұпия жұмыстарының барлық түрлерін жүргізу кезінде құпиялық режимді қамтамасыз ету жөніндегі іс шараларды жасайды және іске асырады, оның ішінде құпия ақпаратты есептеу техникасы құралдарын және басқа да теникалық құралдарды, құпия бұйымдармен және құжаттармен жұмыс істеу кезінде.

Толығырақ

Электрондық пошта:

g.kairatuly@korda.gov.kz

Қызылорда облысы әкімінің аппаратының Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі

Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін жүзеге асыру үшін «Байқоңыр» кешенiнде тұратын әрi жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерiнде «Байқоңыр» кешенi инфрақұрылымының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасында өзара түсiнiстiктi нығайту, ынтымақтастықты дамыту, «Байқоңыр» кешенi жөнiндегi Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы халықаралық шарттық-құқықтық базаның мониторингiн жүргiзу бойынша қажетті материалдардың әзірленуін қамтамасыз ету.

Толығырақ

Телефон:

8 (7242) 40-02-23

Электрондық пошта:

zh.shaikhyslamov@korda.gov.kz