Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бәлімінің 2025 жылдың 1 қазанына атқарылған жұмыс жайлы мәлімет

Әлеуметтік көмектер мен жәрдемақылар бойынша

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

2025 жылға Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке жергілікті бюджеттен 179071,0 мың теңге, Республикалық бюджеттен 232491,0 мың теңге қаралған. Қазақстан Республикасының  2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII ҚРЗ Кодексінің 11 тарау 120 бабына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспаған аз қамтылған отбасыларға 2025 жылдың 1 қазанына 281 отбасыдан (1779 мүше) өтініш түсіп, 103746,7 мың теңге тағайындалып, 291 отбасы 1771 мүшеге 93549,3 мың теңге төленді.

2025 жылға атаулы әлеуметтік көмекті алушылар санын 43,9 пайызға азайту тапсырылса, бүгінгі таңға былтырғы жылмен салыстырғанда 220 отбасы (43,9%), 1271 мүшеге (41,6%) азайған.

Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың құрамындағы бір жастан  алты жасқа дейінгі балаларына кепілдендірілген әлеуметтік төлемге жергілікті бюджеттен 59267,0 мың теңге қаржы қаралып,  243 отбасының 1-6 жас аралығындағы 495 балаға 16679,5 мың теңге тағайындалып 251 отбасының 510 балаға 15247,4 мың теңге төленді.

Тұрғын  үй  көмегі  , үйде  тәрбиеленетін  және  оқытылатын  мүгедектігі бар  балаларға  төленетін  материалдық  көмек

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға тұрғын үй көмегіне 2025 жылға  жергілікті бюджеттен 3195,0 мың теңге қаралған. Жыл басынан тұрғын үй көмегіне 8 отбасына (10 мүше) 182,1 мың теңге тағайындалып, 182,1 мың теңге төленді.

Жаңақорған аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы №50-ші шешімімен бекітілген мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін жергілікті бюджеттен 13801,0 мың теңге қаралып, жыл басынан 143 отініш берушіге 8941,4 мың төленді.   

Мемлекеттік атақтар берілген азаматтарға төленетін   әлеуметтік көмек

Жаңақорған аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 тамыздағы №05-16/149 «Жекелеген санаттағы азаматтарға жеңілдіктер беру туралы» шешіміне сәйкес  2025 жылға 90,0 мың теңге қаралып 1 адамға 67,2 мың теңге тағайындалып, төленді.

  Аз қамтылған отбасыларынан шыққан облыс әкімінің грантына ие болған студенттердің  білім алуына   төленетін  әлеуметтік  көмек .

Өңірге қажет мамандықтар бойынша халықтың осал топтарынан шыққан білім алуға ынталы облыс әкімінің грантына үміткерге 2025 жылға 43081 мың теңге қаралып, 39 студентке 41111,8 мың теңге төленді.

Жекелеген санаттағы азаматтарға төленетін әлеуметтік төлемдер бойынша

Жаңақорған аудандық мәслихатының  2023 жылғы 13 қазандағы  № 94 шешімімен бекітілген «Жаңақорған ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» қағидасына сәйкес

Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға 2025 жылға 35 адамға 16514,0 мың теңге қаралып, 69 адамға 12621,7 мың теңге төленді;

Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гемотологиялық аурулармен ауырған диспансерлік есепте тұрған балаларға дәрі-дәрмектер алуға 8 адамға 2869,0 мың теңге қаралып, 9 адамға 2301,0 мың теңге төленді.

9 Мамыр- Жеңіс күні мерекесіне орай 332 адамға 64091,6 мың теңге төленді.

Дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа немесе отбасыға берілетін біржолғы әлеуметтік көмекке 2025 жылға 2359,0 мың теңге қаралып, 2 отбасыға 1179,6 мың теңге төленді.

Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына қатты отын сатып алуға әлуметтік төлем

«Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы” Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2019 жылғы 13 қарашадағы № 375 шешіміне сәйкес 2025 жылға 5282 адамға 83075,0 мың қаралған. Игерілуі қазан айында жоспарлануда

Отбасының цифрлық картасы

«Отбасының цифрлық картасы» ААЖ-де соңғы 27 қыркүйектегі жаңартудағы мәліметте 18328 отбасы қалыптасқан. Оны әлеуметтік жағдайына қарай бөлетін болсақ А-692 отбасы, В-7279 отбасы, С-6617 отбасы, Д-2920 отбасы және Е санатында - 820 отбасы.

Әр мекеме Д және Е санатында тұрған отбасыларды жоғарғы тұрған санаттарға көтеруге тиісті жұмыстарын жүргізуде. Жыл басында Д және Е санатында 3738 отбасы болса соның 10 пайызын немесе 373 отбасыны жоғарғы санаттарға көтеруге жоспар қойылған. Алайда, бүгінгі таңға 3740 отбасын құрап отыр.

Мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға үйде әлеуметтік  қөмек көрсету

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығының 3-қосымшасы «Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты», Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» №230 бұйрығы негізінде әлеуметтік қызметтер ұсынылады. Сондай-ақ, Қазақстан РеспубликасыныңЕңбек және халықтыәлеуметтік қорғау министрінің2020 жылғы 28 мамырдағы№197 бұйрығының,2-қосымшасы "Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларына сәйкес құжаттары рәсімделеді.

Онда уйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру, қалыпты әлеуметтік ортада қолайлы моральдық-психологиялық жағдай жасауға жәрдемдесу, осы стандартқа сәйкес сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларынжүргізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы қызметтерді алушыларға жан жақты көмек көрсету сақталады. Сондай-ақ әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсетіледі. Әлеуметтік қызметкерлер қамқорлығындағы адамдарға аптасына кемінде екі рет барып қызмет көрсетеді. Үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің негізгі міндеттері негізінде қызмет көрсетілетін адамдардың үйреншікті әлеуметтік ортада болуына қолайлы жағдайлар жасалып, гигиеналық талаптарға сәйкес өмір сүру жағдайларына қолдау жасалуда, әлеуметтік қызметтерді көрсетудің стандартына сәйкес әлеуметтік қызметтер көрсетіліп,  оңалту іс-шаралары жүргізілуде. Жалғыз басты қарттарды және үйде қызмет көрсетуге мұқтаж мүгедектігі бар адамдарды анықтап, олардың есебі жүргізілуде. Қызмет көрсетілетін адамдардың дербес құқықтары және қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде. Қызмет көрсетілетін адамдарды олардың құқықтары, көрсетілетін әлеуметтік қызметтің көлемі мен түрлері туралы хабардар етіліп отырады.  Әлеуметтік қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігі арттырылып тұрады. Әлеуметтік қызметкерлердің еңбегін ұйымдастыруды жетілдіріліп, олардың біліктілігі арттырылып отырады.

«Мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшесінде 123 мүгедектігібар адамдар мен қарттар есепте тұрады. Оның ішінде 5-мүгедек, 118-жасына байланысты зейнеткер қамтылып, 100 % орандалып отыр.

Бөлімде, есепте тұрған қарияларға демеушілік жасау, материалдық көмектер көрсету үшін, мекемелер мен ұйымдарға тіркеу жұмыстары жүргізіліп, 751, мың теңге көлемінде заттай және азық –түліктей көмек көрсетілді.

8 наурыз Халықаралық Әйелдер Күні мерекесі қарсаңында әлеуметтік тапсырыс бойынша жеңімпаз атанған «Жалынды Жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен бөлімде есепте тұрған 85қарт аналарға демеушілік есебінен мерекелік сый-сияпат көрсетілді.

2025  жылға жеке оңалту бағдарламасы бойынша  міндетті гигиеналық құралдар үшін жергілікті бюджеттен 224056,0 мың теңге, қаңтар-қазанайларына 128000,0 мың теңге төленді. Техникалық көмекші құралдардың кеңейтілген түрлеріне (гигиеналық құралдар) жергілікті бюджеттен 30732,0 мың теңге қаралып, қаңтар-қазан айларына 20000,0 мың теңге төленді. Республикалық бюджеттен 70170,0 мың теңге қаралып, қаңтар-қазан айларына 70170,0 мың теңге игерілді. Міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету бойынша 990 өтініш түсіп оңын 967 қанағаттандырылды 97,7% орындалды.

Ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметіне жергілікті бюджеттен 9908,7 мың теңге қаралып бүгінгі таңға 20 ымдау тілі маманына 785,0 мың теңге төленді. І-топ мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметіне жергілікті бюджеттен 261531,0 мың теңге қаралып, бүгінгі таңға 192 жеке көмекшіге 22795,0 мың теңге төленді.

Сурдотехникалық құралдар бойынша: 27 мүгедектігі бар адамнан өтініш түсіп, 100 % орындалды.

Тифлотехникалық құралдар бойынша:осы уақытқа дейін 131 өтініш түсіп,  барлығы 128 құралмен 100 % қамтамасыз етілді.

Арнайы жүріп-тұру құралдары бойынша (кресло-арбалармен): 82 өтініш қабылданып 100 % қамтамасыз етілді.

Протез-ортопедиялық құралдар бойынша:452 өтініш түсіп, 380  өтініш 84,07 % орындалып отыр. Қалған 72  өтініш ортопедиялық ая-киімдер бойынша  өлшем жасалынып, әзірлену барысында.

Санаторий-курорттық емделуге-628мүгедектігі бар адамнан өтініш түсіп, 521 өтініш орындалып, бүгінгі таңға 82,96 % орындалды. 107 өтініш беруші қазан – желтоқсан айлар аралығына санаторий-курорттық емделуге тандау жасап,  жыл сонына дейін орындалатын болады.

Инватакси қызметіне- жергілікті бюджеттен 40057,0 мың теңге қаралып, мүгедектігі бар адамдарға қаңтар-қыркүйек айларына 7646сағат тасымал қызметі көрсетілді.

Мүгедектігі бар балалар  мен  18 жастан асқан адамдарға  үйден әлеуметтік  қызмет  көрсету

Мүгедектігі бар балалар мен  18 жастан асқан адамдарға үйде әлеуметтік көмек көрсету қызметі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің  2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына  сәйкес жұмыстар атқарады. Осы заң өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызмет саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға  бағытталған қызметтерді көрсетеді. Қазіргі таңда барлығы 1 бөлімше меңгерушісі, 2 әлеуметтік маман, 38 әлеуметтік қызметкер  193 балаға әлеуметтік  қызмет көрсетіп отыр. Үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру, қалыпты әлеуметтік ортада қолайлы моральдық-психологиялық жағдай жасауға жәрдемдесу. Сондай-ақ әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсетіледі. Әлеуметтік қызметкерлер қамқорлығындағы адамдарға аптасына кемінде екі рет барып қызмет көрсетеді.

Жартылай стационар жағдайында  13  мүмкіндігі шектеулі  балаға «Нұрлы Сенім» қоғамдық  қорынан  қызмет көрсетілді.

1-Маусым «Балаларды қорғау» күніне орай аудан бойынша  3 жас пен
15 жас аралығындағы  мүгедектігі  бар  балалардың қатысуымен «Балаларға базарлық» атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылып,  балаларға дамытуға арналған  оқу ойыншықтары  берілді,сонымен қатар тәттілер тарқатылды.              

Осы іс-шара барысында  мүгедектігі бар балаларға Жаңақорған кентінде орналасқан  М.Көкенов атындағы  мәдениет үйінде Қызылорда  қалалық  мәдениет үйінің жанындағы «Сиқырлы айна» халықтық қуыршақтар театры «Құпия кілт» атты қойылымын қойды.

Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған  10 азаматқа  қәзіргі таңда  қорғаншылық  немесе қамқоршылық белгілеу туралы бұйрықтары  шықты.      

Аудан бойынша 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар мен
18 жастан асқан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың  оңалтудың жеке бағдарламасының орындалуы жайлы 

2025 жылға жеке оңалту бағдарламасы бойынша міндетті гигиеналық құралдар,,  оның ішінде  Жөргекпен 119;  теріні тазартқышпен 62; Сіңіргіш жаймамен 42 мүгедектігі бар бала қамтамасыз етілді.

Тифлотехникалық құралдармен-  мүгедектігі бар адамға нашар көретін балаға арналған сағатпен 1;  дыбыс жазбасын шығаруға арналған плейермен 1; дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар мобильді телефонмен 1;   ноутбук  1; барлығы  4  құралмен қамтамасыз етілді.

Сурдотехникалық құралдар бойынша- көпфункцялы сигналдық жүйемен-3,есту аппаратымен 1.

Протезді ортопедиялық көмек бойынша: 107 мүгедектігі бар баладан  өтініш түсіп, 76 өтініш орындалды.

Арнайы жүріп-тұру құралдарымен (кресло-арбалармен) –   мүгедектігі бар бала көпбейінді (многофункциональный) кресло-арбамен - 4 ; сырғыртқы (ходунки) арбамен 4, (костыль локтевой одноопорный) балаларға арналған 4; серуендеуге арналған кресло коляска 6, бөлмелік 1, таяқ (трость)
1 барлығы  20 құралмен қамтамасыз етілді.

Санаторий-курорттық емделуге - 105 өтініш түсіп,  97   мүгедектігі бар бала  жолданды.

Жарияланған күні

10 қазан 2025

Жаңарту күні

10 қазан 2025

Қызмет бағыты