Жалағаш аудандық ауруханасының 2023 жылдың 12 ай көлемінде атқарылған жұмыстары туралы анықтама

"Дені сау ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" ұлттық жобасы аясында халық денсаулығын жақсарту жолында медициналық қызмет сапасын арттыру, халықты қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету, профилактикалық медицинаны дамыту, ана мен бала денсаулығын қорғау, алғашқы медико-санитариялық көмекті жетілдіру, сондай-ақ мекеменің материалдық-техникалық базаларын нығайту, нысаналы индикаторларға қол жеткізу бағытында біршама іс-шаралар жүзеге асырылды.

Қазіргі таңда аудан халқына –150 төсек орындық 1 аурухана, аудандық емхана,12 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік - акушерлік бекет, 2 медициналық бекет медициналық қызмет көрсетеді.

Қызмет көрсету территориясында статистикалық мәлімет бойынша 35074 халық болса, оның РПН бағдарламасына тіркелгені-32126, оның ішінде 14 жасқа дейінгі бала саны 10818, жасөспірімдер - 1613, ересектер саны–20338.

Кадрлар

Мекемеде жалпы штат бірліктері: 677,25

Оның ішінде:

Дәрігерлер – 103,75

Орта буын қызметкерлері – 317,25

Кіші буын – 118,5

Басқа қызметкерлер мен жұмысшылар -137,75

Аудан бойынша 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігермен қамтылу деңгейі 27,3 пайыз.

47 дәрігердің біліктілік санаттары бар, санаттылығы – 53,4 пайыз.

  • жоғарғы санат – 15 дәрігер.
  • І санат – 16 дәрігер.
  • ІІ санат – 16 дәрігер.

Аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарында 424 орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс жасауда, орта буынды медицина қызметкерлерімен қамтылуы – 132 пайыз.

Орта буын медицина қызметкерлерінің 251 біліктілік санаттары бар, санаттылығы – 59,1 пайыз.

  • Жоғарғы санат - 153 -35,4%
  • І санат – 79 -18,4%
  • ІІ санат – 44 -10,2;%

Жол карталары аясында емдеу және алдын алу ұйымдарындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттырудың перспективалық жоспарына сәйкес сала мамандары біліктілігін арттырды.

Атап айтқанда жалпы оқығандар саны – 36, оның ішінде 5 – дәрігер жергілікті бюджеттен, 27- дәрігер мекеме есебінен жетілдірген және 4 дәрігер жол картасы аясында білімдерін жетілдірген.

54 маман әр түрлі тақырыпта семинар , мастер класс, оқу курстарына халықаралық конференция, конгресстерге қатысқан

 

Бекітілген штат көлемінде дәрігер мамандарға қажеттілік туралы: 

Мамандықтар атауы

Жұмыс орны

(ДА,СВА атауы)

Бірлік саны

Балалар хирург дәрігері

кент

1,0

Фтизиопедиатр

кент

1,0

Рентгенолог

Кент

1,0

УДЗ дәрігері

Кент

1,0

Травматолог дәрігер емханаға

Кент

1,0

БАРЛЫҒЫ

 

5,0

 

Жалағаш аудандық ауруханасына келген негізгі қорлар

Облыстық бюджеттен бөлінген 30388000,00 тенге бөлінген қаржыға фетальді эндоскопиялық монитор, кардиотокография КТГ, универсалды медициналық цифрлы видеоэндоскопиялық жүйе және отоакустикалық эмиссия аппараты сатып алынды.

Мекеменің өз есебінен материалдық жарақтандыруға 6534580,00 теңге қаржы жұмсалынды. Оның ішінде 4924080 тенгеге 20 дана керуеттер алынса және 1610500,00 теңгеге электронды медициналық таразылардың 5 данасы сатып алынды.

Мекеменің медициналық құрал-жабдықтармен қамту көрсеткіші 90,0 % құрады.

Диспансерлеу. Жалағаш ауданы бойынша «Д» есепте ЭРДБ бағдарламасы бойынша барлығы –7 409 адам тұрады, оның ішінде ересектер –6 101, 0-14 жас аралығындағы балалар саны – 1013, 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдер – 295.

 Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығымен толықтырулармен өзгерістер енгізу бұйрығымен 2023 жылдың 12 айында 26 627 рецепт, 216124961,23 теңгеге босатылып, 100 пайыз игерілді.

2023 жылы аудан бойынша 730 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 22,7 промильді құрады (2022 жылы 778 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 23,6 промильді құраған). Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 48 жағдайға 0,9 промильге төмендеп отыр. Сәби өлімі 2023 жылы 6 жағдай тіркеліп 8,2 промиль құрады, (2022 жылы 4 жағдай тіркеліп 5,1 промиль). 2023 жылы аудан бойынша 189 өлім жағдайы тіркелді, көрсеткіші – 5,9 құрап отыр. (2022 жылы аудан бойынша 187 өлім жағдайы, көрсеткіші – 5,7), өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 2 -жағдайға 0,2 көрсеткішке көбейген.

№

Негізгі көрсеткіштер

2022 жыл

2023 жыл

1

Туу көрсеткіш (1000 тұрғынға шаққанда)

778-23,6

730-22,7

2

Өлім көрсеткіші (1000 тұрғынға шаққанда)

187-5,7

189-5,9

3

Сәби өлімі (1000 тұрғынға шаққанда)

4-5,1

6-8,2

4

Ана өлімім (100 мың тұрғынға шаққанда)

0

0

 

Қайтыс болғандардың ішінде нозология бойынша

1-ші орында 100 мың тұрғынға шаққанда жүрек қантамыр аурулары 2023ж-49 жағдай тіркеліп, көрсеткіші 152,5 (2022 ж -48 жағдай тіркеліп, көрсеткіші 146,6).

2-ші орында басқа аурулардан кәрілік диагнозымен қайтыс болу жағдайлары 2023 ж -26 жағдай болса, көрсеткіш -80,9 (2022ж -34-103,7)

 3-ші орында жүйке жүйесі бойынша 2023 -24 жағдай, көрсеткіш – 74,7 (2022 ж. -17-51,0),

 4-ші орында басқа назологиялар бойынша қайтыс болу 2023 ж. -20жағдай, көрсеткіш-62,3 (2022ж-14-42,7)

Ана мен бала денсаулығын жақсарту мақсатында 2023 жылы атқарылған жұмыстары

Жалағаш аудандық аурухана негізгі жұмыс жоспарында ана өлімін болдырмау және бала өлімін азайту міндеті тұр. Аудан бойынша 10666 бала, онын кент орталығында 5 123, ал 5 543 бала елді мекенді жерлерде тұрады.

0-1 жаска дейін 572 бала, 0-5жас арасында 3791 бала, 14-17 жас арасында 2313 баланы құрайды.

Туу жасындағы жалпы әйелдер саны аудан бойынша – 2023 жылы - 6 617 (2022 ж- 6918). Тексеріспен қамтылған -5280 әйел -79,7 (2022 жылы -5661-81,8) анықталғаны экстрогенитальды аурулар – 4248 әйел - 80,4 ( 2022 жылы - 4867-85,9) сауықтырылған - 4248 әйел -100 пайыз сауықтырылған (2022 жылы -4867-100 пайыз).

 

Сәби өлімінің көрсеткіштері

2022 жылға арналған меморандумға сәйкес, ана мен балаға қызмет көрсетудің индикаторлары бекітілген: сәби өлімі – 5,1 промиль , 2023 жылы индикаторлық көрсеткіш – 8,2 пайыз болып, 3,1 пайызға жоғарылағанын байқап отырмыз.

Ана өлімінің алдын алу бағытындағы атқарылған жұмыстардын натижесінде ауданымызда соңғы 16 жыл көлемінде ана өлімі тіркелмеген.

Акушер-гинекологиялық сала бойынша көрсеткіштер.

Жыл басынан бері жүкті әйелдер есепке алынды 2022 ж. -803 есепке алынған, оның ішінде 12 аптаға дейін 2023ж-781-97,2 пайыз, терапевтпен қаралғаны – 803 -100 пайыз.

Жүкті әйелдердің кедергісіз есепке тұруы «Жасыл дәліз» кабинеті арқылы жүргізілуде. «Жазыл дәліз» кабинет жұмысын арнайы бекітілген акушерка және психолог маман жұмыс атқарады. Жүктілікпен тіркелуге келген барлық әйелдер психолог маманы кеңесінен өтеді.

Барлық 730 босану болды, оның 2 деңгейде -453 -62,0%, 3 деңгейде -274 -37,5, уақытынан бұрын -15-2,0, өлі туған -6-8,5.

Туберкулезге қарсы атқарылған жұмыстар.

ҚР.ДСМ 30 қараша 2020 жылғы №214 "Туберкулез бойынша медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы"бұйрығын басшылыққа алып,аудан бойынша туберкулездің алдын алу, ерте анықтау, емдеу жұмыстары жүргізілуде.

 2023 жылдың 12 айлық көрсеткіш бойынша туберкулезден эпидахуал тұрақты деңгейде тұр. Дегенмен туберкулездің «жаңа жағдайымен», «көп дәріге тұрақты» түрімен тіркелген науқастар бойынша аурушаңдық, сырқаттылық көрсеткіштері былтырғы жылмен салыстырғанда төмендегенмен, туберкулезбен «қайталап» ауырғандар деңгейі бір деңгейде. Аудан бойынша 2021-2022 жж.туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда төмендеді. 2022 жылдың 12 айлық көрсеткіші бойынша 16 ( 48,5 %) науқас тіркелсе, 2023 жылдың 12 айында туберкулездің жаңа жағдайымен 20 ( 61,8 %) науқас есепке алынды.

Ауданда туберкулезбен ауыратын науқастарды әлеуметтік қолдау мақсатында 2016 жылдан бастап амбулаторлы ем қабылдап жүрген науқастарға ай сайын әлеуметтік көмек бөлініп келеді. 2023 ж. көмек алған науқастар саны -55 (әлеуметтік көмек мөлшері-34 500 тг)

Туберкулез науқастарының анықталу әдістері: ФГ әдіспен, Манту сынамасы, шағымы бойынша, клиникалық, гистологиялық тексерулер бойынша.

Аудан бойынша 2023 ж. 20 науқас тіркелді. Әлеуметтік құрамы бойынша талдасақ: 7 жұмыссыз, 1 мүгедек,1 медициналық қызметкер және әртүрлі жұмыс атқаратындар саны -4.

КДТ(көп дәріге тұрақтылық) туберкулез бойынша аурушаңдылық

Мультирезистентті туберкулезбен аурушаңдылық көрсеткіші тұрақты. 2023 жылдың 12 айында да 10 науқас тіркеліп отыр. Қазіргі таңда ИРЛ үлгісімен емделуде. (Облыстық фтизиопульмонологиялық орталығында индивидуальный режим лечения, яғни жеке емдеу режимі.) емделуде.

2023 жылы 12 айда айда 14 қайталанған жағдай тіркеліп отыр, оның ішінде 8 науқас «бактерия бөлетін» түрімен тіркелген. Қайталап ауырған науқастың ФГ-қ архивтері бар, жыл сайын ФГ тексеруден өтіп тұрған. Әлеуметтік құрамы бойынша: 2- жұмыссыздар.12 науқас зейнеткерлер. Қосымша ауруларымен ДЕ-е тұрады.

Онкология қызметінің негізгі көрсеткіштері.

 Алғаш рет тіркелген 2023 ж- 54 жағдай 168,7 көрсеткіш. Аурушаңдық көрсеткіш 2022ж қарағанда 22,3 пайызға жоғарылаған, облыстан 9,0 пайызға жоғарылаған..

 Қайтыс болу жағдайы 13 жағдай тіркелген.Өлім көрсеткіші облыстық көрсеткіштен 17,3 пайызға төмендеген, 5 жылдық өмір сүру көрсеткіші облыстан 1,0 пайызға жоғары.

 8 науқас қатерлі ісіктің 4 – сатысымен есепке алынды.

Скрининг бағдарламасы бойынша

ҚРДСМ-ң Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп қарауды жүргізу ережесін бекіткен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 30.10.2020 жылғы 174/2020 бұйрығына сәйкес алдын ала (скрининг) тексеру жұмыстары жүргізілді.

Қанайналым жүйесі ауруларын ерте анықтау – 2023 ж. жоспарланғаны-2512; орындалғаны-2572- 102,3%; анықталғаны-197-7,6%; «Д» есепке алынғаны - 197-100%.

Қант диабеті ауруларын ерте анықтау-2023 ж. жоспарланғаны-3540; орындалғаны -3540-100,0%. Анықталғаны -37-1,0%; «Д»есепке алынғаны - 37-100%.

Глаукома ауруын ерте анықтау -2023 ж. жоспарланғаны-3689; орындалғаны -3689-100,0%. Анықталғаны-22-0,6% «Д» есепке алынғаны-22-100%

Сүт безі қатерлі ісігі және ісік алды ауруларын ерте анықтау- 2023 ж. жоспарланғаны-1533, орындағаны-1533-100,0%, анықталғаны- 148-9,6%. «Д» есепке алынғаны-148- 100%. Рак молочной железы-1 (7 аймақ)

Жатыр мойны қатерлі ісігі және ісік алды ауруларын ерте анықтау- 2023 ж. жоспарланғаны -1053; орындалғаны -1058 -100,4%, анықталған ауруы-67-6,3%. «Д» есепке алынғаны -67-6,3%. Рак шейки матки -2 (19 аймақ).

Тік және тоқ ішек ісігі және ісік алды ауруларын ерте анықтау- 2023ж. жоспарланғаны-1863; орындалғаны-1863-100,0%, анықталған ісік алды ауруы-1-0,1%; «Д» есепке алынғаны-1-100% Диагнозы: Полип толстой кишки

Суицид.

Суицидтің алдын-алу жол картасы бағдарламасы аясында тәуекел тобы жасақталып тексерулерден өткізілуде. Осы маңызды бағыт бойынша Жалағаш аудандық ауруханасында 4 психолог, 11 әлеуметтік қызметкер жұмыс жасайды.

2023 жылы өзіне-өзі қол жұмсау әрекетіне барған 4 суицид 2 аяқталмаған және 2 аяқталған жағдай тіркелді. Барлық жағдайларға психолог, әлеуметтік қызметкер және аймақ дәрігерлері анықтама жүргізіп, консультация беріліп, мамандар тарапынан коррекциялық жұмыстар жүргізілді.

Алғашқы мүгедектікке шығудың нозология бойынша құрылымы (ересектер мен балалар)

Ересектер арасында алғашқы рет мүгедектікке шығуды нозология бойынша сараптағанда :

I орында – жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары – 19 (27,1%), 2022 ж 26-30,8%. Оның ішінде ЦВЗ-13 ИБС-4 ,заб сосудов-1,пороки -1

ІІ орында көз аурулары -13-18,5% (2022ж-3-3,7%)

Ш орында - қатерлі ісіктер 12 (17,1%), 2022ж – 19(22,2%), оның ішінде сүт безі аурулары-4, әйелдердің жыныс аурулары -4, жедел ішек аурулары-3, бүйрек ауруалы-1.Жұмысқа қабілетті жастағылар саны- 46 -65.7 % құрайды .

Балалар арасында:

I орында жүйке жүйесінің аурулары – 23(47,9 %) 2022 ж.

 9-42,8 % (оның ішінде ДЦП-4, ОНР 1 ур-14, эпилепсия -5 )

ІІ орында психикалық ауытқулар - 6– 12,5 % (2022 ж – 1(4 ,7%),

ІІІ орында туа бітті ақау -5(10,4%) (2022 ж-5(23,8%)

Ауруханада көрсетілген көмек

 Қазіргі таңда аудандық аурухана бойынша 150 төсек орын жұмыс жасайды.

- 30 жұқпалы аурулар;

- 33 терапия;

- 15 хирургия;

- 25 перзентхана мен гинекология;

- 20 реабилитация;

- 17 балалар;

- 10 паллиативті көмек бөлімшесінде

Тұрғындардың төсек-орынмен қамтамасыз етілу пайызы 10 мың адамға шаққанда 2023 жылдың 12 айы бойынша 46,7% құраса, 2022 жылдың 12 айында 44,2%-ды құрап отыр.

Ауруханаға жатқызу жоспары: Ауруханаға жүгінгендер -10 359, жатқызылған - 6 695- 64,2 пайыз,жедел түскен-4 349-64,9 пайыз, жоспарлы 2 346-35,0 пайыз, амбулаторлы түскен-3 664-35,3пайыз болып тұр.

 2022 ж. - Ауруханаға жүгінгендер -9 676, жатқызылған – 6 341- 65,5 пайыз, жедел түскен - 3 776 – 59,5 пайыз, жоспарлы 2 565-40,5 пайыз, амбулаторлы түскен-3 335 - 34,5пайыз болып тұр.

Жалағаш аудандық ауруханасында 2023 жылы босанушылар саны - 459, 2022 жылы - 494. Оның ішінде физиологиялық босану 2023 жылы - 387, 2022 жылы - 420 болса, кесір тілігі арқылы босану 2023 жылы- 66, 2022 жылы 71 ге тең болды. Тірі туылған бала саны 2023 жылы - 450 болса, 2022 жылы 490 ды құрады. Ерте неонатальды өлім бойынша 2023 жылы 1 жағдай тіркеліп, 2022 жылы тіркелмеген.

Тәуліктік аурухана бойынша летальдық көрсеткіш бір деңгейде. Қайтыс болған науқастар 2022 жылдың 12 айы – 28- 0,5 көрсеткіш құрады, ал 2023 жылдың 12 айы –19 – 0,3 көрсеткіш.1 тәулікке дейін қайтыс болғандар 2022 жылдың 12 айында – 9 болса, 2023 жылдың 12 айында – 7.

Алға қойылған мақсаттар мен міндеттер

-Емдеу-диагностикалық жұмыстарын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында аудан бойынша медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктерін жетілдіру және мастер-класс тәжірибесін тиімді пайдалану;

-Емдеу және алдын алу ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту;

-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған Меморандумға байланысты негізгі көрсеткіштер индикаторларын жоғары нәтижелерге жеткізу;

- Ана мен бала және ұрпақты болу жасындағы әйелдердің денсаулығын қорғау жұмысын жандандыру; Ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында енгізілген «Эффективті перинаталды технологиясы» және «Балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра емдеу» бағдарламалары әрі қарай жалғастыру; Пилоттық патронаждық қызметтің жұмысын жандандыру; Сәби өлімін болдырмау және алдын алуға бағытталған қысқамерзімді жоспармен жұмыс жасау;

- Аудан тұрғындарына медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, аурудың алдын алу шараларын жүргізу, ол үшін сала аралық қызметтерді жандандыру, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау жұмыстарын жалғастыру;

- МӘМС жүйесі бойынша халықты ақпараттандыру жұмыстарын жандандыру және сақтандырылмаған азаматтар үлесін төмендету (жалпы тұрғынға шаққанда 14% төмендету).

Слайд 2023

Жарияланған күні

17 қаңтар 2024

Жаңарту күні

17 қаңтар 2024

Қызмет бағыты