Меню

Страницы

Статья

Kyzylorda-Zhezkazgan Highway

Орналастыру күні Хабарландыру
14.05.2020 ж

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті «Ұзындығы 412 км болатын Қызылорда - Павлодар - Успенка – РФ шек.» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Қызылорда-Жезқазған» 12-424 км учаскесін қайта жаңарту» жобасы бойынша техникалық-экономикалық негіздемесін және «Қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау» жобасын қарастыру жөнінде ашық отырыс нысанындағы қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

Қоғамдық тыңдаулар өткізу күні, уақыты және орны:

- 2020 жылдың11 маусым күні, сағат 16-00-де, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласында, Алтынсарин көшесінде орналасқан Достық уйінде;

- 2020 жылдың 12 маусым күні, сағат 10-00-де, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Д.Қонаев көшесі №8 үй мекен жайында орналасқанмәдениет үйінде;

- 2020 жылдың 12 маусым күні, сағат 16-00 -де, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Көкшоқы мөлтек ауданында орналасқан «Арман» мәдениет үйінде.

Жергілікті атқарушы органның атауы – «Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ.

Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыруға жауапты тұлғаның байланыс деректері – «Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ мемлекеттік экологиялық сараптама бөлімінің экологы Суханова Ботакөз, байланыс телефоны: 8 (7242) 60-53-69.

Ұсыныстар мен ескертулер қабылданатын жергілікті атқарушы органның электрондық поштасының мекенжайы – prd@korda.gov.kz.

Жоба бойынша құжаттама орналастырылған жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсының мекенжайы - https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-tabigat?lang=kk.

Жұртшылық өкілдерінің жоба материалдарымен қағаз түрінде танысуғамүмкін болатын орнының мекенжайы - Алматы қаласы, Атамекен ықшамауданы, 3 үй мекенжайы.

Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі мемлекеттік орган - "Мемсараптама" РМК.

Тапсырыс берушінің атауы және байланыс деректері - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті, байланыс деректері – Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай Батыр даңғылы, 32/1, байланыс телефоны – 8 (7172) 754600

Тапсырыс берушінің ұсыныстар мен ескертулер қабылданатын интернет-ресурсының немесе электрондық поштасының мекенжайы – k.priemnaya@miid.gov.kz

Құжаттаманы әзірлеушінің атауы және байланыс деректері – «Каздорпроект» ЖШС, байланыс деректері - Алматы қаласы, Атамекен ықшамауданы, 3 үй мекенжайы,байланыс телефоны - 8(727)2555638, электрондық пошта - kazdor@yandex.ru

Барлық сұрақтармен келесі мекенжайларға хабарласуға болады:

- Алматы қаласы, Атамекен ықшамауданы, 3 үй мекенжайы, телефон - 8(727) 2555638 – «Каздорпроект» ЖШС;

- Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай Батыр даңғылы, 32/1 мекенжайы, телефоны – 8 (7172) 754600 - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті.

Қоғамдық тыңдауға қатысуға жергілікті тұрғындар, мүдделi жұртшылық,қоғамдық ұйымдар және қызығушылық танытқан барлық тұлғалар шақырылады.

Жобасы

  Мүдделі жұртшылықтың пікірін есепке алу жөніндегі ашық парағы
  Толтырылған мүдделі жұртшылықтың пікірін есепке алу жөніндегі ашық парақтары
16.06.2020 ж   Ашық нысанындағы қоғамдық тыңдаулар хаттамасы
Дата публикации
14 мая 2020
Дата обновления
14 мая 2020
Тип
Announcement

Сейчас читают

Announcement
01 июня 2021
Working project "construction of engineering infrastructure (gravel road, electricity supply, water supply) for individual housing construction in N. Ilyasov rural district, Syrdarya district, Kyzylorda region"
Announcement
26 мая 2021
Project" modernization of the production base with the placement of a concrete mixing unit (BSU) and open warehouses of wetted mineral building materials (sand, crushed stone, sand stone)"
Announcement
25 мая 2021
Working Project "plant for the production of 3000 tons of glass fiber per year in Kyzylorda"

Социальные медиа

Фейзбук

Меню подвал

State of the Nation Address of the President of Kazakhstan
Website of the President of Kazakhstan
Website of the Prime Minister of Kazakhstan
Digital transformation concept
Life situations
National symbols
Terms and explanations
Central communications service under the President of the RK
Screen Reader
Құпиялылық саясаты