Жиі қойылатын сұрақтар
Спорт адамның рухани және физикалық дамуын біріктіреді.
Жан-жақты дамыған тұлға-ел байлығы. Екіншіден, спорт елдің имиджіне жұмыс істейді.
Сол сияқты спорттың даму деңгейі мемлекет дамуының көрсеткіші.
Өздеріңіз көріп жүргендей, еліміздің экономикасы қарқынды дамып, әлеуметтік реформалар жүргізіліп, бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан көпұлтты халқының әл-ауқаты артып келеді.Спорт арқылы әлем елдері Қазақстанмен, оның жетістіктерімен, дамудағы оң өзгерістерімен танысады.
|
Төрешілердің электронды паспорты енгізіліп, олардың тәжірибесі, біліктілігі және рейтингтік бағасы тіркеледі. Тәртіп бұзу жағдайларына және төрешілік деңгейіне баға қойылады, нөлдік төзімділік қағидаты қолданылады. Төрешілердің біліктілігіне қарай спорт төрешісі, 1 санатты төреші, ұлттық дәрежелі төреші, жоғары Ұлттық дәрежедегі төреші және халықаралық дәрежедегі төреші болып бөлінеді. Жарыс кезінде бас төреші мен супервайзер құрылған комиссия төрешілердің жұмысын 5/5 баллдық қағидасы бойынша төрешілік жұмысына және тәртібіне баға береді. Алған бағасына қарай рейтингке енгізіледі |
Шетелдік федерациялармен меморандумдар жасалып, бірлескен оқу-жаттығу жиындары мен семинарлар ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, спорттық жарыстарға қатысуда. Бұл спортшылардың тәжірибе алмасуына үлкен мүмкіндік береді.
Облыста параспорт бойынша арнайы спорт клубы жұмыс істейді. Қажетті спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, спорт залдарын бейімдеу, параспортшылардың республикалық және халықаралық турнирлерге қатысуына жағдай жасау бағытында жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар қаңтар айында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған спорт кешені пайдалануға берілді.
Жаттықтырушыларды қайта даярлау курстары, семинарлар, бірлескен шеберлік сабақтары, оқу жаттығу жиындары ұйымдастырылып келеді. Сонымен қатар, халықаралық сертификаттаудан өтуге қолдау көрсетіледі.
Бүгінде республика көлемінде «Ұлттық мұра» жобасы іске асырылуда. Бұл жоба аясында қазақ күресі, көкпар, тоғызқұмалақ және басқа да ұлттық ойындарды дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Арнайы федерациялармен бірге ұлттық ойындарды халықаралық деңгейге шығару үшін аудан әкімдіктерімен де жұмыстар атқарылуда.
Тұрғындардың мемлекет меншігіндегі спорт нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай тарифтік баға орнатылған. Нақтырақ айтсақ, студент мен мектеп оқушыларына, тұрмысы төмен отбасында тәрбиеленуші балаларға арнайы жеңілдік қарастырылған. Мысалы, қаладағы «Мұз айдыны» және «Евразия» спорт кешендері оқушылардың сабақтан тыс уақытында аталған жеңілдік бойынша қатыса алады. Ал, жалпы мемлекет меншігіндегі спорттық секцияларда шұғылданатын балалар таңдаған спорт түрлерімен ақысыз негізде шұғылданады.
Бұқаралық спортпен шұғылданушылардың спорт нысандарына қолжетімділігін арттыру мақсатында қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
Өңірде тұрғындардың тұрақты дене шынықтыру және спортпен шұғылдануларына жағдай жасау мақсатында аймақта бұқаралық спорттық инфрақұрылымды нығайтуды негізге алуымыз керек. Бұқаралық спортқа жол, бұқаралық спорттық іс-шаралар және тұрғындардың таңдаған спорт түрімен шұғылданулары арқылы ашылады. Бүгінде, спорт саласында ауқымды жобалар жүзеге асуда. Атап айтқанда, Қызылорда қаласының сол жағалауында «Теннис орталығы» мен 11 мың орындық стадион салынып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Сондай-ақ, алдағы уақытта жабық бассейні бар көпсалалы дене шынықтыру-сауықтыру кешендері пайдалануға беріледі. Осылайша, жастардың таңдаған спорт түрлерімен шұғылдануларына тең мүмкіндік пайда болады. Келешекте бұл нысандарда спорттың бірнеше түрі бойынша секциялар жүргізіліп, 1600-ге жуық жасөспірімнің бір ауысымда спортпен шұғылданулары жағдай жасалады.
Министрлік «eSport.kz» бірыңғай платформасын енгізіп жатыр, онда спорт нысандарының, спортшылар мен жарыстардың деректері жинақталады. Бұл ашықтық пен тиімді басқаруға жол ашады. Жоспар бойынша, жоба үш модульден тұрады және төрт жылда жүзеге асырылуы тиіс. Бірінші модульде спорт күнтізбесі цифрлық форматқа өтетін болса, екіншісінде спортшылардың төрешілердің электронды форматтағы паспорты әзірленеді. Үшінші модуль спорт нысандарын цифрландыруға негізделген.