Газбен жабдықтау (2026 жылдың ІII тоқсанындағы атқарылған жұмыстар)

Газдандыру туралы

Шиелі ауданы бойынша елді мекендер саны-33, кент және ауылдық округтер саны-22, халық саны 01.01.2026 жылға ресми статистикалық мәліметке сәйкес 86 585 адамды құрайды.

Бүгінгі күнге 19 елді мекен (Шиелі кенті, Бидайкөл, Ы.Жақаев, Ақмая, Қосарық, Досбол датқа, Алмалы, Бестам, Жиделіарық, Байсын, Еңбекші, Алғабас, Н.Бекежанов, Ә.Тәжібаев, Ш.Қодаманов, Ортақшыл, 22 Бекет,
21 Бекет, Жансейіт)
табиғи газбен қамтылған. Халық саны 69 334 адам.

Шиелі ауданы бойынша елді мекендерді газдандыру үлесі халық санына шаққанда 81 пайызды құрайды.

2023-2024 жылдары Еңбекші, Жиделіарық, Бестам, Алмалы, Досбол датқа, Ә.Тәжібаев, 22 бекет және Қосарық елді мекендеріне табиғи газ берілсе,
2025 жылы 21 бекет және Жансейіт елді мекендеріне табиғи газ берілді.

Бүгінге күнге аудан бойынша 13 998 тұрғын үй газға қосылған.
(
Шиелі кенті бойынша 8 604, Ы.Жахаев ауылында 850, Бидайкөл ауылында 784, Байсын ауылында 190, Н.Бекежанов ауылында 500, Ш.Қодаманов ауылында 533, Ақмаяауылында 409, Бестам ауылында 320, Алғабас ауылында 590,
Алмалы ауылында 245, Досбол датқаауылында 205, Ә.Тәжібаев ауылында 200, Жиделіарық ауылында 140, Еңбекші ауылында 230, Ортақшыл ауылында 183, Жансейіт 15)

«Ақбота» (09.09.2025 жылы №HypE-0107/25), «Балдырған» (09.09.2025 жылы №HypE-0105/25), «Жадыра» (09.09.2025 жылы №HypE-0106/25), Ақмая ауылындағы №49 орта мектеп (31.12.2025 жылы №HypE-0179/25) және Ш.Қодаманов ауылындағы №159 орта мектеп (31.12.2025 жылы №HypE-0180/25)балабақшалары бойынша жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіп, ведомстводан тыс кешенді сараптамалардың оң қорытындылары алынды.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарына қажетті барлығы 377 652,0 мың теңгенің 2026 жылға облыстық бюджеттен қаралуына бюджеттік өтінімдер тапсырылды.

Жарияланған күні

10 қаңтар 2023

Жаңарту күні

08 қазан 2026

Жарияланымның авторы
Қызмет бағыты