Қызылорда қалалық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі №№4, 7, 10, 21 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының хабары

Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттар ретінде тіркеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттар ретінде тіркелді:

№ 4 округтік сайлау комиссиясы бойынша:

Абжанов Нариман Әділханұлы - 2026 жылғы 23 қазанда «Әділет» партиясынан ұсынылған, 1991 жылы туылған, қазақ, «Алтын – Орда» ЖШС директоры, Қызылорда қаласында тұрады, «Әділет» партиясының мүшесі.

Ибрагимов Талгат Маратович - 2026 жылғы 16 қазанда өзін-өзі ұсынған, 1988 жылы туылған, қазақ, «Қалалық мәдени демалыс паркі» КММ директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары, Қызылорда қаласында тұрады, «Әділет» партиясының мүшесі.

№ 7 округтік сайлау комиссиясы бойынша:

Алтынбеков Алмат Серикбаевич - 2026 жылғы 20 қазанда өзін-өзі ұсынған, 1966 жылы туылған, қазақ, «Қызылорда тазалығы» ШЖҚ ЖШС бөлім басшысы, Қызылорда қаласында тұрады, «Ақжол» партиясының мүшесі.

№ 10 округтік сайлау комиссиясы бойынша:

Туребаев Жазылбек - 2026 жылғы 16 қазанда өзін-өзі ұсынған, 1964 жылы туылған, қазақ, «Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту орталығы» директоры, Қызылорда қаласында тұрады, «Әділет» партиясының мүшесі.

№ 21 округтік сайлау комиссиясы бойынша:

Асилбеков Сапаргали Галиевич - 2026 жылғы 16 қазанда өзін-өзі ұсынған, 1989 жылы туылған, қазақ, «Қызылорда тазалығы» ШЖҚ ЖШС басшысы, Қызылорда қаласында тұрады, «Әділет» партиясының мүшесі.

Қуандық Сабыржан Бахытжанұлы - 2026 жылғы 21 қазанда өзін-өзі ұсынған, 2001 жылы туылған, қазақ, «Respublica партиясы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының маманы, Қызылорда қаласында тұрады, партияға мүшелігі көрсетілмеген.

Жарияланған күні

26 қазан 2026 16:07

Жаңарту күні

26 қазан 2026

Бағыттар