2026 жылғы 26 қазан сағат 16:00-ге баспасөз хабары
2026 жылғы 26 қазан сағат 16.00-ге Қызылорда қаласы бойынша №№4, 10, 21 округтік сайлау комиссияларының отырыстары өтеді. Онда мына мәселелер қаралатын болады:
- №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында Абжанов Нариман Әділханұлын және Ибрагимов Талгат Маратовичті Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттары ретінде тіркеу туралы;
- №10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында Туребаев Жазылбекты Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаты ретінде тіркеу туралы;
- №21 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында Асилбеков Сапаргали Галиевичті және Қуандық Сабыржан Бахытжанұлын Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттары ретінде тіркеу туралы.
Өтетін орны: 1) №4 округ - Қызылорда қаласы, Бауыржан Момышұлы көшесі №78а, Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 253 орта мектебі» КММ ғимараты. Байланыс ақпараты: 8(7242) 40-07-44;
2) №10 округ - Қызылорда қаласы, «Ақмешiт» шағын ауданы, құрылыс № 35, Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Темірбек Жүргенов атындағы № 136 мектеп-лицейі» КММ ғимараты. Байланыс ақпараты: 8(7242) 40-07-61;
3) №21 округ - Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентi, З. Шүкiров көшесi, № 8, Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 11 мектеп-лицейі» КММ ғимараты. Байланыс ақпараты: 8(7242) 40-07-37.
Бұқаралық ақпарат құралдарын аккредиттеу а.ж. 26 қазан сағат 15.30 дейін.
Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы
1