
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес табиғи монополиялар саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган мынадай ден қою шараларын қабылдайды:
Табиғи монополиялар саласындағы өз қызметін жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектісі заңнамасын бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Сонымен бірге, 2019 жылы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде Комитет 404 әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы, 432 табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарды, сондай – ақ 470 287 924 теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды.
Сонымен қатар, есепті кезеңде Комитет 252 тексеру жүргізді, оның 247-і жоспардан тыс және өткен кезеңнен ауысатын 5 іріктелген, бұзушылықтарды анықтау фактісімен 120 тексеру аяқталды.