Меню

Страницы

Статья

Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес табиғи монополиялар саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган мынадай ден қою шараларын қабылдайды:

  • әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғайды;
  • Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарады;
  • материалдарды құқық қорғау және өзге де органдарға береді.

Табиғи монополиялар саласындағы өз қызметін жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектісі заңнамасын бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Сонымен бірге, 2019 жылы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде Комитет 404 әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы, 432 табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарды, сондай – ақ 470 287 924 теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды.

Сонымен қатар, есепті кезеңде Комитет 252 тексеру жүргізді, оның 247-і жоспардан тыс және өткен кезеңнен ауысатын 5 іріктелген, бұзушылықтарды анықтау фактісімен 120 тексеру аяқталды.

Дата публикации
Дата обновления
Тип

Сейчас читают

Инфографика
19 декабря 2024
ЖЫЛУ ҮШІН АРТЫҚ ТӨЛЕМ ЖАСАМАҢЫЗ! ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН ЕСЕПТЕУ ҚҰРАЛДАРЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДА АЗАМАТТАРДЫҢ ШЫҒЫНЫН 20%-ҒА АЗАЙТАДЫ
Инфографика
18 октября 2024
Қазақстанда және көрші елдерде жалақы есебінен коммуналдық қызметке қанша ақша жұмсалады?
Бағыттар
21 мая 2024
Сыбайлас жемқорлық картограммасы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы