«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 25-бабының 6-тармағына сәйкес табиғи монополия субъектісі ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 тамызынан және келесі күнтізбелік жылдың 1 мамырынан кешіктірмей тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептер беруді өткізеді.
Тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында есеп беру жария тыңдау нысанында өткізіледі.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 124-8-бабының 1) тармағына сәйкес қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі жарты жылдың, жылдың қорытындылары бойынша, табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша, шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаның орындалғаны не орындалмағаны туралы ақпаратты келесі күнтізбелік жылдың 1 мамырынан кешіктірмей табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
Одан басқа, Заңның 26-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес табиғи монополия субъектісі жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органға бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептерді, өзге мемлекеттік органға не жергілікті атқарушы органға бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есепті ұсынуға міндетті.