"Тобыл кенті әкімінің аппараты" ММ күн сайын жеке және заңды тұлғалар үшін мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізеді.
Аталған іс-шаралар көрсетілетін қызметті алушыларға көмек көрсетуге, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша туындайтын сұрақтарға толық жауаптар беруге бағытталған.
Азаматтар үшін жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейтін өзіне-өзі қызмет көрсету үстелі бар. Түскі ас сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Көрсетілетін қызметті алушылар ақпараттық материалдар мен брошюралар ала алады.
Байланыс ақпараты: 8 (71436) 21360