Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласында мемлекеттік бақылау

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау осы бақылау субъектілерінің Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бұзушылықтарының алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге және жоюға бағытталған.

Документы
Басқа
06 октября 2026
Фармацевтикалық инспекторат және интеграциялау басқармасы
Тиісті фармацевтикалық практикалар бойынша фармацевтикалық инспекторлардың тізілімі
Басқа
06 октября 2026
Фармацевтикалық инспекторат және интеграциялау басқармасы
2026 жылғы 6 қазандағы сертификат иелерінің тізілімі
Кесте
01 октября 2026
Фармацевтикалық инспекторат және интеграциялау басқармасы
2026 жылғы қазанға арналған тиісті фармацевтикалық практикалар талаптарына сәйкестігіне объектілерді инспекциялау кестесі
Новости
Полезные материалы
ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІ ТАҢБАЛАУ: ДӘРІХАНА ҰЙЫМДАРЫ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІ ТАҢБАЛАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ҮШІН ҚАНДАЙ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУЫ КЕРЕК
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚҚА ҰСЫНЫСТАР ЖАРИЯЛАДЫ
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ДӘРІХАНАЛАРДА ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАСЫНЫҢ ҚЫМБАТТАҒАНЫН ҚАЛАЙ ТЕКСЕРЕ АЛАДЫ
Медиагалерея
1
Дәрі-дәрмектің бағасын қалай бақылаймыз?
1
БЕЙНЕ НҰСҚАУЛЫҚ: ДӘРІХАНАЛАР ТАҢБАЛАНҒАН ДӘРІЛЕРМЕН ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕМЕК
События
28 февраля
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ 2021 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖӘНЕ 2022 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН МІНДЕТТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ АЛҚАСЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ
26 октября
Қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарландыру
10 апреля
«Ашық диалог» порталындағы интернет-конференция
Реализуемые проекты
«DariKZ» мобильді қосымшасы
Перейти
«Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы
Перейти
Услуги
Организации
"Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК
Фармацевтикалық қызметті жоспардан тыс бақылау басқармасы
Фармацевтикалық инспекторат және интеграциялау басқармасы
Часто задаваемые вопросы
ҚР-да тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бір реттік әкелуді ресімдеу үшін не қажет?

Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшін қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу қажет.
2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 251-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелу Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттары мен актілеріне сәйкес уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларымен регламенттелген және "Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру" мемлекеттік қызметін көрсету 2020 жылғы 8 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-237/2020.
Өтініш беруші өтінішті "электрондық үкіметтің" веб-порталына ұсынады www.egov.kz, www.elicense.kz . Өтінішті қарау мерзімі үш жұмыс күнін құрайды.

Ізгілік көмек ретінде әкелінетін акцизделетіндерді қоспағанда, тауарлар кедендік алымдарды төлеуден босатыла ма?

"Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына тауарлардың жекелеген санаттарын әкелу кезінде кедендік баждарды төлеуден босатуды қолдану тәртібі туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 728 шешімінің 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес акцизделетін тауарлардан басқа (медициналық мақсаттарға арнайы арналған жеңіл автомобильдерді қоспағанда), өтеусіз көмек (жәрдем) ретінде, сондай-ақ үшінші елдер, халықаралық ұйымдар, үкіметтер желісі бойынша қайырымдылық мақсаттарда, оның ішінде кедендік баждарды төлеуден босатуды қолдану), әкелінетін тауарлардың өтеусіз көмекке (жәрдемге) жататынын немесе үшінші елдер, халықаралық ұйымдар, үкіметтер желісі бойынша, оның ішінде техникалық көмек (жәрдем) көрсету үшін қайырымдылық мақсатында әкелінетінін куәландыратын тауарларға арналған декларацияны кеден органы қабылдаған кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалған нысан бойынша және тәртіппен берілген құжат кеден органына ұсынылған кезде кедендік баждарды төлеуден босатылады. Кедендік баждарды төлеу бойынша көрсетілген жеңілдіктер Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңды және (немесе) жеке тұлғаларының осы тауарларға ақы төлеуді көздейтін сыртқы сауда шарттарына (келісімшарттарына) сәйкес қайырымдылық мақсатында әкелінетін тауарларға қолданылмайды.

Қандай жағдайларда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркеуге жеделдетілген сараптама жүргізу көзделеді?

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 23-бабының 10-тармағына сәйкес уәкілетті органның шешімі бойынша дәрілік зат немесе медициналық бұйым сараптама жүргізудің жеделдетілген рәсімі бойынша тіркелуі мүмкін. Дәрілік затқа немесе медициналық бұйымға сараптама жүргізудің жеделдетілген рәсімінің тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
"Дәрілік затты немесе медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу қағидаларын бекіту туралы" ҚР ДСМ 2021 жылғы 9 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығының 10-тармағына сәйкес орфандық дәрілік препараттарды мемлекеттік тіркеу Кодекстің 23-бабының 10-тармағына сәйкес сараптама жүргізудің жеделдетілген рәсімі бойынша және Кодекстің 23-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен көзделген міндеттемелерді орындау шарттарында өтінім берушімен келісу бойынша жүргізіледі.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы