Құрылым
Бюджеттік жоспарлау, талдау және мемлекеттік сатып алу басқармасы
Басқарманың негізгі міндеттері:
Бюджеттік жоспарлауды, талдауды және мемлекеттік сатып алуды орталықтандырылған басқару, бюджеттік бағдарламалардың орындалуын бақылау, алдағы қаржы жылдарына бюджеттік өтінімді қалыптастыру және ағымдағы жылға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, мемлекеттік сатып алу жоспарын орындау.
Басқарма басшысы:
Алтиева Гульшат БазылхановнаТелефон:
87172741090Электрондық пошта:
g.altieva@dsm.gov.kzМедициналық қызметті профилактикалық бақылау басқармасы
Басқарманың негізгі міндеттері:
Медициналық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін бақылау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру, оның ішінде денсаулық сақтау субъектілерімен (объектілерімен) профилактикалық бақылау шеңберінде медициналық қызметті лицензиялау ережесін сақтау, сәйкестікті растау мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелердің қызметін үйлестіру жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге қойылатын талаптары бар денсаулық сақтау субъектісінен
Басқарма басшысы:
Ыскакова Айгүл ҚайруллақызыТелефон:
+7 (7172) 74-24-18Электрондық пошта:
ai.yskakova@dsm.gov.kzМедициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау басқармасы
Басқарманың негізгі міндеттері:
Мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, медициналық қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі мәселелері бойынша норма шығармашылық қызметті жүзеге асыру, медициналық қызмет саласында рұқсат құжаттарын беру, медициналық қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелерді үйлестіру болып табылады.
Медициналық қызметті талдау және мониторинг басқармасы
Басқарманың негізгі міндеттері:
Медициналық қызметтер көрсету саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, медициналық қызметтер көрсету саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жетілдіру (тексерулер, тәуекелдер дәрежесін бағалау жүйесі негізінде денсаулық сақтау субъектісіне (объектісіне) барып және бармай профилактикалық бақылау), тәуелсіз медициналық сараптаманы дамыту болып табылады.
Кадрлық жұмысы басқармасы
Басқарманың негізгі міндеттері:
Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру, Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік және келісімшарттық қызметтен өтуін қамтамасыз ету, Комитетте және оның аумақтық бөлімшелерінде корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек ахуалын дамыту.
Ұйымдастыру-құқықтық жұмысы басқармасы
Басқарманың негізгі міндеттері:
Комитеттің құқықтық жұмысын ұйымдастыру, Комитеттің қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, Комитеттің қызметін бақылауды және құжаттамалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру, Комитеттің басқа құрылымдық бөлімшелерінен және оның аумақтық бөлімшелерінен Заңмен және осы нормативтік құқықтық актімен өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты сұрату және алу.