Мемлекеттік кірістер комитетінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен тас көмірдің өткізілуін қадағалайды

Мемлекеттік кірістер комитетінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен тас көмірдің өткізілуін қадағалайды

Мемлекеттік кірістер комитетінде Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен тас көмірді қадағалау бойынша пилоттық жобаның қатысушыларына арнап жадынама әзірледі.

Пилоттық жоба 2022 жылғы 30 сәуірден бастап жұмыс істейді. Басты мақсаты – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, инфляцияның өсімін болдырмау және азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз көтерілуіне жол бермеу.

Жоба ҚР аумағында 2022 жылғы 31 желтоқсан аралығында жұмыс жасайды.Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын және тас көмірді қадағалау электрондық шот-фактуралардың ақпарттық жүйесі негізінде жүргізіледі.

Толық нұсқаулық

Барлық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізушілерге:

  1. электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі esf.gov.kz порталында тіркелу;
  2. электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактуралардыgov.kz порталында немесе тауарларды өткізу кезінде (жеке тұлғаларға бөлшек саудада өткізуді қоспағанда) ЭШФ АЖ мобильдік қосымшасында жазып беру;
  3. ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде, оның ішінде жеке тұлғаларға бөлшек саудада өткізу кезінде бақылау-касса машинасының чегін ұсыну қажет.

 

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мыналар жатады:

 

ақ қант– құмшекер

күнбағыс майы

бірінші сортты бидай ұны

тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілігі)

бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)

сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)

рожки (өлшеніп салынатын)

майлылығы 2,5% жұмсақ қаптамадағы сүт

қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)

майлылығы 2,5% жұмсақ қаптамадағы айран

тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)

сары май (тұздалмаған, майлылығы 72,5 %-дан кем емес, толтырғыштар мен өсімдік майлары жоқ)

картоп

сәбіз

тауық жұмыртқасы (I санатты)

басты пияз

ас тұзы

ақ қауданды қырыққабат

сүзбе: майлылығы 5 – 9 %

 

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінде (ӘҚБтК-нің 280-1, 284-баптары) салық төлеушінің ЭШФ төлемегені үшін 40 АЕК-ке (122 520 теңге) дейін, мерзімін бұза отырып ЭШФ жазып бергені үшін 20 АЕК-ке (61 260 теңге) дейін және бақылау – касса машинасының чегін бермегені үшін шағын кәспкерлік субъектілері үшін 30 АЕК-ке (91 890 теңге) дейін жауапкершілік көзделген.