«Кеден» АЖ шеңберінде алдын ала ақпараттандыруды пайдаланудағы артықшылықтарының
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға және шекарада кедендік рәсімдердің өтуін жеделдетуге бағытталған «КЕДЕН» ақпараттық жүйесін жаңғыртуды жалғастыруда.
Жүйенің негізгі цифрлық құралдарының бірі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде табысты қолданылатын алдын ала ақпараттандыру модулі болып табылады.
Алдын ала ақпараттандыру тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын көлік түріне қарамастан берілуі мүмкін, бұл сервисті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін әмбебап және ыңғайлы етеді
Алдын ала ақпараттандыру тетігін пайдалану кеден органдарына өткізілетін тауарлар туралы мәліметтерді алдын ала алуға мүмкіндік береді, бұл кедендік операцияларды жедел жүргізуді, өткізу пункттерінде рәсімдерден өту уақытын қысқартуды, тауарлар мен көлік құралдарының электрондық форматта келуін автоматты түрде тіркеуді, қағаз құжат айналымын барынша азайтуды және логистикалық процестердің ашықтығы мен болжамдылығын арттыруды қамтамасыз етеді.
Ұсынылған деректерді өңдегеннен кейін «КЕДЕН» жүйесі автоматты режимде ветеринариялық, фитосанитариялық, карантиндік және басқа мемлекеттік бақылау түрлерінен өту қажеттілігін айқындайды. Бұл бақылаушы органдардың «бір терезе» қағидаты бойынша цифрлық форматта өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.
Бұдан басқа, алдын ала ұсынылған мәліметтер нақты әкелінген тауарларға сәйкес келген кезде транзиттік декларация көлемінде берілген ақпарат электрондық транзиттік декларация ретінде пайдаланылуы мүмкін, бұл транзиттік тасымалдарды ресімдеуді айтарлықтай жеңілдетеді.
Цифрландырудың нәтижесі транзиттік тауарларды декларациялау уақыты 30 минуттан 10 минутқа, яғни үш есеге қысқартылды.
Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен тасымалдаушыларға мемлекеттік және кедендік бақылаудан өтуді жеделдету үшін алдын ала ақпараттандыру тетігін белсенді пайдалануды ұсынады.
Алдын ала ақпараттандыруды толтыру және тіркеу жөніндегі нұсқаулық «КЕДЕН» АЖ-ның https://keden.kgd.gov.kz/instructions/%D0%9F%D0%98_%D0%A0%D0%9F.pdf порталында қолжетімді.