GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Департамент туралы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
Салық әкімшілігі
20 октября 2026
ҚЫЗМЕТТІҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ ТІРКЕУ ЕСЕБІНЕ ҚОЮҒА ЖАТАДЫ?

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 104-бабына сәйкес қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілер мемлекеттік кірістер органдарында тіркеу есебіне тұруға міндетті.

🔹 Кімдер тіркеу есебіне тұруға міндетті?

Оларға мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар жатады:

▪️ бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын және Кодексте көрсетілген отынның басқа да түрлерін өндіру;

▪️ аталған отын түрлерін көтерме және бөлшек саудада өткізу;

▪️ этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру;

▪️ алкоголь өнімін көтерме және бөлшек саудада өткізу;

▪️ темекі өнімдерін өндіру және көтерме саудада өткізу;

▪️ ойын бизнесі саласындағы қызмет;

▪️ Салық кодексінде көзделген жекелеген акцизделетін тауарларды өндіру және құрастыру (жинақтау);

▪️ тауарлардың электрондық саудасы.

📌 Тіркеу қай жерде жүргізіледі?

Тіркеу есебіне қою тиісті қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер орналасқан жер бойынша мемлекеттік кірістер органдарында жүргізіледі.

📌 Хабарламаны қандай мерзімде беру қажет?

Салық кодексінің 104-бабының 4-тармағында көзделген қызмет түрлері бойынша қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама қажетті құжаттармен бірге тиісті қызметті бастауға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын салық органына ұсынылады.

📌 Әрбір объектіні жеке тіркеу қажет пе?

Иә. 104-баптың 1-тармағының 1)–5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде бірнеше объект болған жағдайда, әрбір салық салу объектісі және салық салуға байланысты объект жеке тіркеу есебіне қойылады.

Сондай-ақ әрбір ойын мекемесі жеке тіркеу есебіне қойылады. Ойын мекемесінің аумағында тіркеу есебіне қойылмаған салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді пайдалануға және орналастыруға тыйым салынады.

📌 Тіркеу қандай мерзімге жүргізіледі?

Егер тиісті қызмет түрі лицензиялауға жататын болса, лицензия болған жағдайда тіркеу есебіне қою лицензияның қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге жүргізіледі.

Маңызды! Қызметті бастамас бұрын оның тіркеу есебіне қоюға жататын қызмет түрлеріне кіретінін тексеріп, салық заңнамасында белгіленген талаптарды уақтылы орындаңыз.
#Заң_мен_тәртіп#Закон_и_порядок
#законипорядок
#заңментәртіп

Салық әкімшілігі
20 октября 2026
Банкроттықтың соттан тыс рәсімі бойынша банкроттың қаржылық жай-күйінің мониторингі

«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 2-тармағына сәйкес борышкер банкрот деп танылғаннан кейін үш жыл бойы уәкілетті орган банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізеді.
Банкроттың қаржылық жағдайына мониторингті кредиторлар да жүргізуге құқылы.
Банкроттың мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікті, оның ішінде ортақ бірлескен мүлікті сатып алу фактісі анықталған жағдайда, уәкілетті орган кредиторларға банкроттың қаржылық жағдайына мониторингтің нәтижелерін жібереді.
Кредиторлар уәкілетті органнан ақпаратты алған кезде сотқа борышкерді банкрот деп танудың күшін жою және Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне сәйкес банкроттық рәсімін қайта бастау туралы жүгінуге құқылы.
Банкроттың қаржылық жағдайын бақылау тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 10 наурыздағы №254 «Борышкердің және банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» бұйрығымен (бұдан әрі - Бұйрық) бекітілген.
Қаржылық мониторинг нәтижелері бойынша уәкілетті орган соттан тыс банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін банкроттың мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде ортақ бірлескен мүлікті сатып алуы туралы қорытынды (бұдан әрі - Қорытынды) немесе соттан тыс банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін банкроттың мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде ортақ бірлескен мүлікті сатып алу фактісінің болмауы туралы анықтама (бұдан әрі - Анықтама) жасайды.
Бұйрықтың 16-тармағына сәйкес, Қорытынды 3 (үш) данада жасалады, бір данасы уәкілетті органның номенклатуралық істерінде сақталады, екіншісі банкротқа, ал үшіншісі кредиторларға жасалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жолданады.
Анықтама 1 (бір) данада жасалады және уәкілетті органның номенклатуралық істерінде сақталады.

#Заң_мен_тәртіп#Закон_и_порядок
#законипорядок
#заңментәртіп

Кедендік әкімшілендіру
19 октября 2026
Тауарлар шығарылғанға дейін кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту ( толықтыру)

Декларанттың электрондық нысанда немесе қағаз жеткізгіште ұсынылған өтініші бойынша кеден органының рұқсатымен тауарлар шығарылғанға дейін кедендік декларацияда көрсетілген мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол беріледі. Бұл ретте декларанттың өтініші алынған сәтте кеден органы Кеден кодексінің 410-бабына сәйкес құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салмаған, кедендік қарап-тексеруді жүргізу орны мен уақыты туралы хабарлама жібермеген, кедендік тексеріп қарауды жүргізу туралы шешім қабылдамаған және (немесе) кедендік сараптама жүргізуді тағайындамаған болуы тиіс.

Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген талаптарға қарамастан, декларанттың электрондық нысанда немесе қағаз жеткізгіште берілген өтініші бойынша кеден органының рұқсатымен тауарлар шығарылғанға дейін, егер мұндай өзгерістер мен (немесе) толықтырулар декларацияланатын тауарлардың орналасқан жері туралы мәліметтердің өзгеруіне немесе тауарларды шығаруға әсер етпейтін баспа қателері мен грамматикалық қателерді түзетуге байланысты болса, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгертуге және (немесе) толықтыруға жол беріледі.

Тіркелген кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу нәтижесінде бастапқыда тіркелген кедендік декларацияда көрсетілген тауарлардан өзгеше тауарлар туралы мәліметтерді мәлімдеуге жол берілмейді.

Тауарлар шығарылғанға дейін кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерге, сондай-ақ қағаз жеткізгіштегі кедендік декларацияның электрондық көшірмесіндегі мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін Комиссия айқындайды.
#Заң_мен_тәртіп#Закон_и_порядок
#законипорядок
#заңментәртіп

Салық әкімшілігі
19 октября 2026
Салық төлеушінің қызметін мәжбүрлеп тоқтату

Талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде әрекет етпейтін салық төлеушілер тізіліміне енгізілген және бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін салық төлеушінің қызметі мәжбүрлеу тәртібімен тоқтатылуға жатады:

1) салықтық есептілікті дербес ұсынбаған;

2) экспорттық-импорттық операциялар жасамаған;

3) банктік шоттар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырмаған;

4) қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;

5) басқа заңды тұлғаның басшысы және (немесе) құрылтайшысы, бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы болып табылмайтын;

6) салықтық есептілік ұсынуды тоқтата тұрмаған;

7) жеке тұлғаларға мүлік, көлік құралдары және жер салығын салу объектілерін қоспағанда, меншік құқығында көрсетілген салықтарды салу объектілері жоқ;

8) әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;

9) тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен асатын салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешегі жоқ.

2. Қызметі мәжбүрлеп тоқтатылмайтын салық төлеушілер

Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінің ережелері:

1) салықтық мониторингке жататын;

2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес қызметті жүзеге асыратын;

3) камералдық бақылау нәтижелері, салықтық тексерулер бойынша бұзушылықтарды жою туралы орындалмаған немесе түсініктеме беру арқылы орындалған хабарламасы бар салық төлеушіге, мұндай бұзушылықтар болған кезде;

4) өзіне қатысты сот орындаушылары және (немесе) басқа да уәкілетті органдар шаралар (қамауға алу, шектеулер) қолданған;

5) ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау мақсаттары үшін валюталық бақылау рәсімдері аяқталмаған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың тарапы болып табылатын немесе болып табылған;

6) талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде банктік шоттар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырған салық төлеушіге қолданылмайды.

Әрекет етпейтін салық төлеушілер тізіліміне енгізу кезінде ескерілген мерзім қызметті мәжбүрлеп тоқтату кезінде қаралатын кезеңге қосылады.

3. Қызметті тоқтату тәртібі

Салық төлеушінің қызметін мәжбүрлеу тәртібімен тоқтатуды салық органы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес заңды күшіне енген сот актісінің негізінде жүргізеді.

Қызметі мәжбүрлеу тәртібімен тоқтатылған салық төлеуші заңды күшіне енген сот актісінің негізінде салықтық тіркеу тәртібімен салық органының тіркеу есебінен шығарылады.

Салық әкімшілігі
19 октября 2026
ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛҒАННАН КЕЙІНГІ ТАБЫСТАР: САЛЫҚТАР МЕН МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕР ҚАЛАЙ ЕСЕПТЕЛЕДІ?

Еңбек шартының тоқтатылуы бұрынғы еңбек қатынастарына байланысты бұрынғы қызметкерге төленетін табыстардан салықтар мен міндетті төлемдерді есептеу міндетінен жұмыс берушіні босатпайды.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 372-бабының 1-тармағына сәйкес, қызметкердің салық салуға жататын табыстарына жұмыс берушіден алынған немесе алынуға жататын еңбекақы түріндегі табыстар және өзге де материалдық пайда жатады.

Аталған баптың 3-тармағына сәйкес, қызметкер жұмыстан босатылғаннан кейін де, егер төлемдер бұрынғы еңбек қатынастарына байланысты туындаған негіздер бойынша және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылса, олар қызметкердің табыстарына жатады.

Мұндай табыстардан қандай салықтар мен міндетті төлемдер есептеледі?

🔹 Жеке табыс салығы (ЖТС) — Салық кодексінің 362–363-баптарына сәйкес, қолданылуға жататын салықтық шегерімдерді ескере отырып есептеледі.

🔹 Әлеуметтік салық — Салық кодексінің 556–557-баптарына сәйкес есептеледі.

🔹 Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) және әлеуметтік аударымдар — Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде көзделген тәртіппен есептеледі.

Осылайша, еңбек қатынастарына байланысты негіздер бойынша жұмыстан босатылғаннан кейін төленетін табыстар әрбір салық пен міндетті төлемді есептеу ерекшеліктері ескеріле отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен салық салуға жатады.

#Заң_мен_тәртіп#Закон_и_порядок
#законипорядок
#заңментәртіп

Салық әкімшілігі
16 октября 2026
ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ: 493-НЫСАН ТУРАЛЫ МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 56-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 554 бұйрығымен бекітілген Мәліметтерді ұсыну қағидаларына сәйкес, жекелеген ұйымдар мемлекеттік кірістер органдарына үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.

Мұндай қызметтерге сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, газбен және электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, лифтілерге қызмет көрсету және тасымалдау саласындағы қызметтер жатады.

Назар аударыңыз!

Жеке кәсіпкерлер аталған талап қолданылатын ұйымдар санатына жатпайды.

Осылайша, жеке кәсіпкерлер 493-нысанды ұсынуға міндетті емес.

Салық міндеттемелерін орындау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз.

Салық әкімшілігі
15 октября 2026
Әлеуметтік салық: есептеу тәртібіндегі негізгі өзгерістер

2026 жылдан бастап Қазақстанда әлеуметтік салықты есептеу тәртібі өзгертілді. Негізгі жаңалықтардың бірі – әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдар арасындағы өзара байланыстың жойылуы, сондай-ақ жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібі үшін әлеуметтік салық мөлшерлемесінің 6% мөлшерінде белгіленуі.

Салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін әлеуметтік салықты есептеудің арнайы мөлшерлемелері мен тәртібі көзделген.

Атап айтқанда, әлеуметтік салықтың 1,8% мөлшерлемесі мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға байланысты салық салу объектілері бойынша қолданылады:

* өз өндірісіндегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өткізу;
* өз өндірісіндегі ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және осындай қайта өңдеу өнімдерін өткізу.

Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдар үшін әлеуметтік салықты есептеудің ерекше тәртібі көзделген. Олар әлеуметтік салықты мынадай мөлшерде есептейді:

* өзі үшін – төлеу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) екі еселенген мөлшерінде;
* әрбір жұмыскер үшін – төлеу күні қолданыста болатын бір АЕК мөлшерінде.

Өз өндірісіндегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өткізу, сондай-ақ оларды қайта өңдеу жөніндегі қызметке байланысты салық салу объектілері бойынша шаруа немесе фермер қожалықтары үшін әлеуметтік салықтың мынадай мөлшерлері белгіленген:

* өзі үшін – 0,6 АЕК мөлшерінде;
* әрбір жұмыскер үшін – 0,3 АЕК мөлшерінде.

Бұл ретте әлеуметтік салықты төлеу күні қолданыста болатын АЕК мөлшері қолданылады.

Сондай-ақ оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер әлеуметтік салық төлеуден босатылатынын атап өткен жөн.

Осылайша, әлеуметтік салық бойынша міндеттемелерді айқындау кезінде салық төлеушілер қолданылатын салық салу режимін, жүзеге асырылатын қызметтің сипатын және заңнамада көзделген салықты есептеу ерекшеліктерін ескеруі қажет.

Салық әкімшілігі
15 октября 2026
Әрекетсіз салық төлеушілердің тізілімі

Әрекетсіз салық төлеушілердің тізілімі — ұзақ уақыт бойы салық есептілігін ұсынбайтын салық төлеушілердің тізбесі.

Тізілімге салық есептілігін соңғы рет ұсынғаннан кейінгі 12 ай ішінде салық есептілігін өз бетінше ұсынбаған резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме немесе құрылымдық бөлімше арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер енгізіледі.

Бұл қағида Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрған салық төлеушілерге қолданылмайды.

Салық төлеуші салықтық кезең үшін қосымша салық есептілігін ұсынған кезде тізілімнен шығарылады. Бұл ретте салық есептілігі нөлдік көрсеткіштермен автоматты түрде ұсынылған деп танылады.

Тізілімнен шығару туралы шешім қосымша салық есептілігі ұсынылған күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады.

Салық төлеушіні тіркеу нөмірлерінің тізілімдерінен алып тастаған немесе дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығарған кезде оны әрекетсіз салық төлеушілердің тізілімінен шығару бір мезгілде жүзеге асырылады.

Негізі: Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 108-бабы.

Салық әкімшілігі
15 октября 2026
Салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері

Салық органы Қазақстан Республикасының Салық кодексінде айқындалған жағдайларда салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолданады.

Қамтамасыз ету тәсілдері – салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық міндеттемені тиісінше орындауына ынталандыратын мүліктік және (немесе) шектеу сипатындағы шаралар.

Қамтамасыз ету тәсілдері:

1) өсімпұлдар есепке жазу;
2) шығыс операцияларын тоқтата тұру;
3) мүлікке билік етуді шектеу;
4) электрондық шот-фактуралар жазып беруін тоқтата тұру;
5) интернет-ресурстарға және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы қызметті жүзеге асыратын шетелдік компанияның интернет-алаңына кіруді шектеу

Салық әкімшілігі
14 октября 2026
Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне билік етуін шектеу туралы.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 87-бабының 1-тармағына сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) мүлігін иеленуге шектеу салық органы келесі жағдайларда жүзеге асырылады:

1) салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің шекті мөлшерінен асатын сомада - салық берешегі сомасы шегінде салық берешегін өтемеуі;

2) көлденең мониторингке қатысушыны қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға - салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаларда көрсетілген шағымданатын сома шегінде шағым жасағанда.

Билік етуі шектелген мүліктің тізімдемесі салық төлеушінің (салық агентінің) қатысуымен жүргізіледі.

Егер салық төлеуші (салық агенті) салықтық зерттеп-қарау актісімен расталған тіркеу деректерінде көрсетілген тұрған жерінде болмаса, мүліктің тізімдемесі оның қатысуынсыз жасалады.
Салықтық берешектің туындауына жол бермеу және салықтық міндеттемелерді уақтылы орындау мүлікке билік етуді шектеу шараларының қолданылу қаупін азайтады.
#Заң_мен_тәртіп#Закон_и_порядок
#законипорядок
#заңментәртіп

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы