Барлық материал
- 26 мамыр 2026Жиі қойылатын сұрақтар бойынша өтініштерТуыстар арасындағы аударымдарға салық салынады ма? Жауап: жоқ, салық салынбайды. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 405-бабына сәйкес (2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыста болған редакцияда) мұндай түсімдер жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын кірістер тізбесіне кірмейді.
- 26 мамыр 2026Жиі қойылатын сұрақтар бойынша өтініштерҚандай жағдайларда аударымдарды алу жөніндегі қызметті кәсіпкерлік деп тануға болады? Жауап: Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 2-бабының 1-тармағына сәйкес азаматтардың тауарларды сатудан, жұмыстарды орындаудан немесе қызметтер көрсетуден таза табыс алуға бағытталған дербес, бастамашыл қызметі Кәсіпкерлік болып табылады. Егер мобильді аударымдар жүйелі сипатта болса және Тауарларға, жұмыстарға немесе қызметтерге ақы төлеумен байланысты болса, мұндай түсімдер Кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс деп танылуы мүмкін.
- 26 мамыр 2026Жиі қойылатын сұрақтар бойынша өтініштерМобильді аударымдарға салық салынады ма? Жауап: аударымдардың өзі салық салу объектісі емес. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің нормаларына сәйкес жеке тұлғаның табысы салық салуға жатады. Егер аударым табыс болса (мысалы, тауар/қызмет үшін төлем), оған салық салынады.
- 25 мамыр 2026Жиі қойылатын сұрақтар бойынша өтініштерБорышкерге қатысты банкроттық рәсімдеріне кім бастамашылық жасай алады? Жауап: Барлық үш рәсімді тек борышкердің өзі ғана бастамашылық (инициировать) ете алады, яғни несие берушінің борышкерге қатысты аталған рәсімдерді бастамашылық жасауға құқығы жоқ.
- 25 мамыр 2026Жиі қойылатын сұрақтар бойынша өтініштер«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заң азаматтардың банкроттықты қолдану рәсімдерінің қандай түрлерін көздейді? Жауап: Заңға сәйкес азаматтардың банкроттықты қолдану рәсімдерінің үш түрі көзделген: • Соттан тыс банкроттық; • Сот банкроттығы; • Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі.
- 25 мамыр 2026Жиі қойылатын сұрақтар бойынша өтініштерСұрақ: «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» ҚР Заңының қолданылу саласы? Жауап: Осы Заң дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген Қазақстан Республикасы азаматының төлемге қабілетсіз болуына байланысты туындайтын қатынастарға қолданылады. Ал, кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыра алмауына байланысты дара кәсіпкерлерде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасынмен реттеледі.
- 25 мамыр 2026Хабарлама🔰Құрметті кәсіпкерлер!
- 22 мамыр 2026ЖаднамаКедендік құжаттар: негізгі ережелер