Қазақстан Республикасының салық заңнамасы талаптарының, сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік кірістер органдары екінші деңгейдегі банктердің деректеріне тұрақты түрде талдау жүргізеді. Жүргізілген талдау нәтижесінде кейбір салық төлеушілердің төлемдерді төлем карточкалары, мобильді төлемдер, сондай-ақ телефон нөмірі арқылы аударымдар арқылы қабылдай отырып, бақылау-касса машиналарын (БКМ) қолданбай қызмет атқаратыны анықталды. Осыған байланысты түсіндіру тәртібімен еске саламыз: Қазакстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолма-қол ақшасыз төлемдердің барлық түрлерін, оның ішінде мобильді аударымдар мен телефон нөмірі арқылы жасалатын аударымдарды қабылдау кезінде бақылау-касса машинасын (БКМ) қолдану және фискалдық чек беру міндетті болып табылады. Қосымша түсіндіреміз, QR-код арқылы төлем қабылдау кезінде де БКМ қолдану талабы сақталады. Егер QR-код ақша қаражатың (банктік шотқа, картаға немесе телефон нөмірі арқылы) аудару үшін пайдаланылса, есеп айырысу міндетті турде фискализацияланып, фискалдық, чек берілуі тиіс. Аталған талаптардың сақталуы есеп айырысулардың ашықтытығн қамтамасыз етуге және тұтынушылардың құқыктарын қорғауға бағытталған. Заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында келесіні ұсынамыз: — БКМ-нің болуын және уақтылы тіркелуін қамтамасыз ету; — әрбір есеп айырысу кезінде, соның ішінде мобильді аударымдар мен телефон нөмірі арқылы жасалатын төлемдерде, фискалдық, чекті міндетті түрде беру; — қызметті заңнама талаптарына толық, сәйкес келтіру.