Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Аэроғарыш өнеркәсібі

Қазақстанның аэроғарыш саласын бүгінде ғарышта топтастырылған отандық спутниктер, жердегі ғарыштық байланыс жүйесі, спутниктерді құрастырумен және Байқоңырда перспективалық жобаларды іске асырумен айналысатын кәсіпорындар құрайды.

Бүгінгі күні спутниктердің 3 тобы штаттық режимде жұмыс істейді (байланыс, ЖҚЗ және ғылыми-техникалық мақсаттағы).

KazSat (KazSat-2 және KazSat-3) ғарыштық байланыс жүйесі Қазақстанның спутниктік байланыс пен телехабар таратудағы қажеттілігін 100%-ға қанағаттандырады. Жүйе бүгінгі күні 74%-ға жүктелген. Орталық Азия елдеріне ғарыштық байланыс жүйесі қызметтерінің экспорты бойынша жұмыс жүргізілуде.

2024 жылы "KazSat-2" спутнигін жоспарлы ауыстыру үшін "KazSat-2R" спутнигін құру жоспарлануда.

Жерді қашықтықтан зондтаудың (ЖҚЗ) қос спутникті жүйесі (KazEOSat-1 және KazEOSat-2) елімізді қажетті ЖҚЗ деректерімен толық қамтамасыз етуде.  Осының арқасында қазіргі таңда Қазақстанның жер ресурстары 100% "цифрланған " және ауыл шаруашылығы, ТЖ, жер пайдалану және экология саласындағы салалық міндеттер шешімін табуда.

Келешекте қазақстандық спутниктердің оптикалық және радар аспаптарының кең спектрін пайдаланатын ЖҚЗ (THEIA, MAXAR және т.б.) нарығында әлемдік ойыншылардың қатарына енуі күтілуде. Бұл пайдалы қазбаларды цифрлау және мониторингілеу, атмосфера мен топырақты талдау дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді.

2018 жылдың желтоқсанында ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесінің (KazStSat және KazSciSat) екі спутнигі ұшырылды. Қазіргі уақытта тәжірибелік пайдалану сәтті өтуде. Бұл спутниктердің жобасын өз технологияларын жүзеге асыру және халықаралық нарыққа шығу құзыреттілігін арттыру мақсатында қазақстандық инженерлер жасаған болатын.

Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің (ҒА ҚСК) құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Өндірістік пайдалануға беру 2022 жылға жоспарланған. Кешен 1 млрд. теңгеден астам сомаға алғашқы тапсырысын алды. KazSat–2R және ЖҚЗ спутниктік топтарының жобаларын іске асыру ҒА ҚСК жүктемесіне қарай жүзеге асырылады.

Қазақстанның "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы іс-әрекетін кеңейту үшін Ресеймен бірлесіп "Союз-5" зымыран тасығышының базасында "Бәйтерек"ғарыш зымыран кешенін құру жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, коммерциялық ұшуларды жүзеге асыру мақсатында "Союз-2" зымыран тасығышының базасында Ресеймен және БАӘ-мен бірлесіп "Гагарин стартын"жаңғырту жөніндегі инвестициялық жоба пысықталуда.

Документы
Бұйрық
15 декабря 2025
Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ұлттық операторын айқындау туралы
Бұйрық
22 октября 2025
«Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлiгiнiң Аэроғарыш комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы»
Бұйрық
05 марта 2024
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
«Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамының арнайы құқық субъектісі көрсететін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Новости
Полезные материалы
Байқоңыр. Іске қосу қызметтері
Аэроғарыш өнеркәсібі
Медиагалерея
1
Интерактивті карта tabigat.gov.kz
1
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ қызметтері
События
12 ноября
Қазақстандағы ғарыш күндері: Байқоңыр – әлемдік ғарыш бесігі
19 июня
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҒАРЫШ КҮНДЕРІ
Реализуемые проекты
«KazSat-3»
Перейти
«KazSat-2»
Перейти
Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесі
Перейти
Услуги
Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу
Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру
Организации
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
«Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы