Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.

4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжделген бас тарту туралы жауап.

Жиі қойылатын сұрақтар

1. Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған.

2. Лицензиялық алым енгізілмеген.

3. Көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген.

4. Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған.

5. Сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған.

6. Көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда.

Көру саны:6

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру

Қызмет алушылар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Лицензия беру - 186 АЕК

Қайта рәсімдеу - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алымды төлеу күні қолданыстағы АЕК мөлшеріне қарай лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды

Қызмет көрсету уақыты

Лицензия беру - 7 жұмыс күні

Қайта рәсімдеу - 3 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы