Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.

4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Ғарыш объектісінің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік, ғарыш объектісіне құқық ауыртпалығының тіркелгенін растайтын ғарыш объектілер тіркелімінен үзінді, ғарыш объектісінің жойылған немесе кәдеге жаратылған фактін растайтын ғарыш объектілер тіркелімінен үзінді, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелденген бас тарту туралы жауап.

Жиі қойылатын сұрақтар

1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуы.

2. Көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынуы.

3. Ғарыш объектісіне билік етуді шектейтін немесе жоятын ғарыш объектісіне берілетін құқық ауыртпалығының болуы.

4. Ғарыш объектісіне билік ету құқығын шектейтін немесе жоятын заңды күшіне енген сот шешімі.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасының талабы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізген жағдайда ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде қолданылмайды.

Көру саны:196

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

14 АЕК

Қызмет көрсету уақыты

5 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы