АУДАН ӘКІМІ АҚСУ АУЫЛЫНДА

АУДАН ӘКІМІ АҚСУ АУЫЛЫНДА

Аудан әкімі Нұраталды ауылдық округіне қарасты Ақсу ауылында болып, ауыз-су, жол , бөгет мәселелері бойынша мердігерлермен кездесті. Бүгінде ауыз-су құрылысы негізінде “Райс.kz” ЖШС-ның мердігері тарапынан аяқталған құрылыс жұмыстарының барысын көзбен көрген аудан басшысы бірқатар сын - ескертпелерін айтып, мердігер мекемеге жұмысты тездетуді тапсырды.
Осыдан кейін, аудан әкімі халықпен кездесу өткізді. Аталмыш кездесуге бөгет салу құрылысы бойынша жақын арада тағайындалған "Дом-Сервис Управляющая компания" ЖШС-ның мердігерлері қатысты. Кездесу барысында ауыз-су құрылысы бойынша мердігер мекеме тарапынан жүргізіліп отырған жұмыстар, ауылшаруашылық саласы және мал өткелі жөнінде тақырыптар көтерілді. Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылды. Аудан әкімі әр сұраққа жеке-жеке жауап беріп, мәселелерді оңтайлы шешу бойынша тиісті бөлімдерге тапсырмалар берді.