25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІ!

25 қазан – Республика күніне орай Ақсу-Аюлы ауылдық округінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі өтті.
Іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары Д. Кәрсембаев сөз сөйлеп, жиналған қауымды Республика күнімен құттықтады. Сондай-ақ еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің қадір-қасиетіне тоқталып, ел бірлігі мен тыныштығын тіледі.
Көк байрағымыздың биікте желбіреуі – әрбір қазақстандық үшін зор мақтаныш.
Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, көк туымыз әрдайым биікте желбірей берсін!