Visitkaragandakz

Қазақстан - табиғатының әсемдігі мен тарихының байлығы үйлескен өлке. Жаңа мекендерді таныған сайын біз елімізді жақсырақ танып, туған жерге деген сүйіспеншілігімізді арттыра түсеміз. 🇰🇿
«Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі көркем табиғатымен тәнті етсе, Сарысу байыту фабрикасының қирандылары өңірдің өнеркәсіптік өткенінен сыр шертеді. Бұл орындар Қарағанды облысының табиғи және тарихи мұрасын танытып, туристік әлеуетін ашады.
Республика күні құтты болсын! Туған жерге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі әрдайым жүрегімізде болсын! 🇰🇿